Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты.
Балуан Қырғызстанның Бішкек қаласында Азия чемпионы атағын жеңіп алған соң, 86 келі салмақта жалпы есебі 52 400 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Екінші орынға 45 000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орынға 44 000 ұпай жинаған Сан-Мариноның өкілі Амин Майлз орналасты.
Азамат Дәулетбеков Бішкектің төрінде төселген сары құрлық додасында 86 келі салмақта осымен үшінші рет жеңіске жетті.Одан басқа, Дәулетбеков 2022, 2023 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері.
Еркін күрестен Қазақстан командасының тағы бір өкілі Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақтағы әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА