Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясы мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен БАҚ өкілдері арасында BAQ Open by Beeline Janymda турнирі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Астана, Алматы және Тараздан БАҚ өкілдері топтық бәсеке мен плей-офта ойнап, «Мастерс» пен «Фьючерс» санаттары бойынша медальдар мен ынталандыру жүлделерін сарапқа салды. Турнирге 37 қатысушы жиналды. Жүлдегерлер арасынан жаңа есімдер ...
Read More »Tag Archives: жеңімпаз
Әмір Омарханов алғашқы жеке титулын жеңіп алды
18 жастағы Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда өзімен қатарлас, әлемдік рейтингіде 824-орында тұрған германиялық Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Матч тартысты болды. Бірақ Омарханов шешуші сәтте басымдықты сақтай білді. Ол бұл титулды алу үшін турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын жеңді. Қазақ теннисшісінің ...
Read More »Сайыпқыран. Нұржан Асан – әлемдік аренадағы қазақ рухының айғағы
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен әйгілі Bill Farrell International 2025 турнирінде қазақ балуаны Нұржан Асан тағы да ел намысын абыроймен қорғап, күміс медаль иегері атанды. Ол өз салмағында (87 кг) бірнеше америкалық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Соңғы белдесуде ұпай санымен жеңілгенімен, Нұржан Асанның шеберлігі мен табандылығы көрермендер мен сарапшылардың лайықты бағасына ие болды. Жарысқа 30-дан астам елден ...
Read More »Рыбакина WTA турнирін жеңген алғашқы азиялық теннисші атанды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады. Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын 6:3 есебімен сақтап қалды. Екінші сетте тай-брейкте Рыбакина бет қаратпады. Есеп – 7:6 ...
Read More »Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен ойнады. Бұған дейін қарсыластар төрт рет кортқа шығып, соның үшеуінде ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да бірінші партияда ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңді. Содан кейін Елена Рыбакина екінші сетте 6:0 есебімен ...
Read More »Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды
Теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар Нұрланұлы кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Турнир отандасымыз қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 ...
Read More »Дмитрий Патанин – Сомбатхейдегі Challenge cup турнирінің жеңімпазы!
Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. —Еркін жаттығудың финалында отандасымыз Дмитрий Патанин жеңіске жетті. Оның еншісінде 13.900 ұпай бар. Күміс жүлде 13.600 балл алған Кевин Пенев (Болгария) еншісінде. Үздік үштікті Артём Долгопят (Израиль) 13.200 ұпаймен түйіндеді, — делінген хабарламада. ...
Read More »WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен 12 медаль жеңіп алды
Үстел теннисінен Грузияның Батуми қаласында халықаралық WTT Youth Contender турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі – алтын жүлде, деп хабарлады Қазақстан үстел теннисі федерациясы. Жекелей сайыс, 13 жасқа дейін 1 орын — Жәния Бекмұхамбетова 1 орын — Нұрдәулет Азаматұлы Аралас жұп, 19 жасқа дейін 1 орын — Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша) Аралас ...
Read More »Данил Мусабаев пен Никита Тумаков Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Германияның Котбус қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен екі дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос ...
Read More »WTA 250: Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250: турнирінің жеңімпазы атанды. Ол сербиялық Александра Крунич екеуі жарыстың бірінші ракеткалары болып есептеліп, финалда тайбэйлік Чань Хаочин мен қытайлық Синью Яньді жеңді. Бірінші партияда тай-брейкте Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:6 (7:3) жеңсе, екінші сетте 6:4 есебімен айласын асырды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары