• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жүлде

    Балуандар Египеттен екі алтын жүлдемен оралды

    Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің  соңғы күні 57 келіде белдескен Рахат Қалжан қола медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан күрес түрлері федерациясы хабарлады. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен оралды. Әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова мен Марина Седнева жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола медаль еншіледі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Стенд ату: Қазақстан мергендері Азия кубогында бес медаль жеңіп алды

    Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан Азия кубогы үшін турнирде еліміздің бес спортшысы медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасына жазды. Қуанышты жаңалық! Қазақстандық мергендер кезекті рет ең беделді халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап, лайықты өнер көрсетті. Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан Азия кубогында біздің спортшылар  екі алтын, бір күміс және екі қола жүлдені жеңіп ...

    Read More »

    Рыбакина жаңа жүлдеге үміткер атанды

    «Уимблдон -2022» турнирінің жеңімпазы, Australian Open 2023 чемпионатының финалисі Елена Рыбакина Laureus сыйлығына үміткер атанды. Теннисші — «Жыл серпіні» жүлдесіне үміткер алты спортшының бірі. Рыбакинадан басқа бұл номинацияға испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр. Laureus World Sports Awards сыйлығы ...

    Read More »

    Каратэшілер Каирдегі Премьер-лигада төрт медаль иеленді

    Египеттің астанасы Каир қаласында WKF каратэден 1-Premier League-ның биылғы алғашқы жарысы аяқталды. Мұнда әлем рейтингінде әр салмақтың үздік 30 спортшы ғана бақ сынады. Барлығы 61 елден 434 татами шебері жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі бар. Екі күнге созылған турнирде ұлттық құрама команданың спортшылары төрт жүлдені жеңіп алды. Кумите бағдарламасында 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай финалда ...

    Read More »

    Мергендер Әлем кубогында үш жүлдені жеңіп алды

    Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогы үшін жарыс болып жатыр. Бүгін отандастарымыз осы жарыста үшінші медальді жеңіп алды. Ерлер арасында 10 метрден пневматалық винтовкамен нысана көздеуде Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда Қазақстанның мергендері Австрияға 16:8 есебімен есе жіберді. Ел намысын Константин Малиновский, Никита Шахторин мен Ислам Сәтпаев қорғады. Қазір Қазақстан 2 күміс және 1 қола медальмен жалпы ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 20 жүлде жеңіп алды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында 20 медальді жеңіп алды. Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамалары 5 алтын, 3 күміс және 12 қола жүлдеге ие болды. Осы көрсеткішпен отандастарымыз  жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Өзбекстанның өкілдері 21 (14, 4, 3) жүлдемен тізімде көш бастады. Үздік үштікті шаршы алаңның иелері – Таиланд ...

    Read More »

    Универсиада-2023: Қазақстан ойындарды 11-орынмен аяқтады

    Қазақстанның студент-спортшылары АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ХХХI Қысқы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады. Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола. Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, сонымен қатар тұғырдан секіруден Данил Васильев студенттердің қоржынына жүлделерді салып берді. Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко ...

    Read More »

    Сағдат САДЫҚ: «Қысқы Олимпиадаға ұялмай жіберетін спортшыларымыз бар»

    Жастарымыз АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен Қысқы Универсиадада 11 медальді жеңіп алды.  Қазақстан делегациясын Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Кәбірұлы Садықов бастап барған еді. Біз бас директормен сұхбаттастық. — Сағдат мырза, АҚШ-тан жеткен ақжолтай жаңалықтарға қуанып отырмыз. Студенттеріміз жарап-ақ тұр! — Соңғы жарыс күнінде біздің хоккейшілер Жапония командасын 8:1 есебімен ұтып, елімізге қола медаль сыйлады. Бұлан бұрын ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында алты жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді. Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде екінші орын алды. Бұл — біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы жүлдесі. Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола ...

    Read More »

    «Ақиқат» журналының дәстүрлі додасы

    Алматыда осымен жетінші рет шахматтан «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін турнир өтті. Бұл жарыс 2012 жылы серіктестіктің бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы болған қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің ұсынысымен басталып, қазір журналистер арасындағы дәстүрлі турнирлердің біріне айналып отыр. Биылғы додаға 26 журналист қатысты. Турнир жылдағы дәстүр бойынша швейцариялық жүйе бойынша 5 турдан өтіп, оған  шахмат мектебінің ...

    Read More »