• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Стенд ату: Қазақстан Азия кубогынан 13 медаль жеңіп алды

    Стенд атудан Кувейттің астанасы – Әл-Кувейтт қаласында өтіп жатқан Азия кубогы үшін жарыста Қазақстан спортшылары 13 медаль иеленді.

    Олардың барлығы «скит» санатында жүлдегер атанды. Бұл жарысқа Азияның 350 мергені қатысып жатса, елімізідң намысын 28 үздік спортшы қорғап жатыр.

    Турнирде әйелдер арасында жекелей сында  Ольга Панарина,  командалық сында Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Әсем Орынбай жеңімпаз атанды.

    Жасөспірімдер арасында жекелей сында Данил Стрелецов, жасөспірімдер арасындағы жеке есепте Адель Садақбаева кубоктың иегері болды. Аралас командалық микста Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік деп танылды.

    Командалық микста күміс медальді Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон, Артем Седельников, Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева алды. Қола медальді Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Эвелина Шек иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *