Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды. 12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында жалауын көтерген Азия чемпионатының екінші күні әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті. Азия чемпионатында Сания Солтанғали (39 кг) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, ...
Read More »Tag Archives: жүлде
Маңғыстаулық спортшылар пара үстел теннисінен 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды
7-12 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы «Жеңімпаз» спорт кешенінде пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдаған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қаласы мен Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облысынан он бір команда қатысып, 100-ден астам спортшы бақ сынап, үздіктер анықталды. Ел чемпионатына маңғыстаулық үш спортшы қатысып, жүлде алды. Жекелей жүйеде: 1 орын — Динара Тынымбай; ...
Read More »Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан 4 медаль алды
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрестен Азия чемпионаты басталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Азия чемпионатында алғашқы күні грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды. Қазақстан құрамасында бес бозкілем шебері жүлде үшін күресіп, төртеуі тұғыр биігіне көтерілді. Аманғали Бекболатов (55 кг) қытайлық Хайфенг Жангты таза ұтып, биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. ...
Read More »Астанада Азия чемпионы атанған балуандар қомақты ақша алады
9 – 14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін XXXVI Азия чемпионаты болады. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады. Олардың арасында Олимпиялық ойындардың 7 жүлдегері, 5 әлем чемпионы болады. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, бұл күрес додасы Олимпиадаға лицензиялық турнир емес. Ол Азия ойындары мен ...
Read More »Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері бірінші орынды иеленді
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Албанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, чемпионатта мына спортшылар жүлдегер атанды: Никита Абдрахманов: — жұлқа көтеруде 1-орын (164 кг көтерді); — серпе көтеруде 1-орын (205 кг көтерді); — жалпы есеп бойынша 1-орын (369 кг). Нұрдос Сабыр: — жұлқа ...
Read More »Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді (КЕСТЕ)
20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, ...
Read More »Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында алты жүлдені иеленді
11-12 наурыз аралығында Хорватияның Загреб қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы үшін турнир өтті. Турнирде Қазақстан командасы медальдік кестеде бесінші орын алып, 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Загребтегі татамиде әлемнің 35 елінен 800-ден астам жас дзюдошылар бақ сынасты. Қазақстаннан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) кубоктың иегері атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) турнирдің күміс ...
Read More »«Азия балалары» ойындары: Қазақстан алтыншы орыннан көрінді
Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Қысқы ойындардың ресми жабылу рәсімінде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Мадияр Мадихов ұстап шықты. Ал халықаралық жарыстың туын түсіру рəсіміне чемпион ретінде Қазақстан атынан Мейіржан Төлеген қатысты. Он күнге созылған кешенді жарыста Қазақстан 3 алтын, 5 күміс және ...
Read More »«Азия балалары» ойындары: Қазақстан үш жүлде алды
Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерево қаласында өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстарн спортшыларының қоржыны бір алтын жүлдемен, бір күміс және бір қола медальмен толықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных пен Илья Шильников қарсылас шақ келтірген жоқ. Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ...
Read More »Стенд ату: Қазақстан Азия кубогынан 13 медаль жеңіп алды
Стенд атудан Кувейттің астанасы – Әл-Кувейтт қаласында өтіп жатқан Азия кубогы үшін жарыста Қазақстан спортшылары 13 медаль иеленді. Олардың барлығы «скит» санатында жүлдегер атанды. Бұл жарысқа Азияның 350 мергені қатысып жатса, елімізідң намысын 28 үздік спортшы қорғап жатыр. Турнирде әйелдер арасында жекелей сында Ольга Панарина, командалық сында Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Әсем Орынбай жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасында жекелей сында Данил Стрелецов, ...
Read More »