• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: лицензия

    Велотректен ұлттық құрама Олимпиаданың лицензиясын жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы велотректен  Олимпиаданың бір жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі. Ал Олимпиадаға Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин пен спринт дисциплинасында бақ сынай алады. Қазір Қазақстан командасының қоржынында 51 лицензия бар. Велотректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Иван Сиваштың айтуынша, қазір командада бәсеке артқан. Олимпиадаға кімнің баратыны анық емес. Канададағы жарыстан соң рейтинг шығып, квота ...

    Read More »

    Жаңыл Балтабаева пара каноэден Паралимпиадаға жолдама алды

    Пара каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Паралимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Чемпионаттың В финалында (VL3 классы) өнер көрсеткен спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта жүріп өтіп, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде мәреге польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып келді. Әлем чемпионатында Паралимпиадаға төрт жолдама ойнатылды. Чемпионаттың ...

    Read More »

    Олимпиадада бес-алты спорттан жүлде аламыз – Спорт комитеті (ФОТО, ВИДЕО)

    Астанада Олимпиялық ойындардың басталуына 85 күн қалғанда, Туризм және спорт министрлігі мен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен жазғы Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабының өкілдері Парламент Мәжіліс депутаттарымен кездесті. Кездесуде Қазақстан спортшыларының Францияның астанасы — Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиялық ойындар мен Парлимпиада ойындарына дайындығы қаралып, министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар хабардар етілді. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса, Ардақ Назаров, ...

    Read More »

    Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Бүгін стенд атудан Катардың астанасы — Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан басқа төрт адамда  жолдама болғандықтан, оның қорытынды нәтижесіне қарамастан отандасымыз бен тағы бір шетел мергені  лицензияға ие болды. Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді. Былтыр ол Бакудағы ...

    Read More »

    42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді (ВИДЕО)

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды.   Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар. Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды. Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан байдарка мен каноэде есуден тағы төрт жолдама алды

    Байдарка мен каноэде есуден Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы тағы төрт лицензияны жеңіп алды. Екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға ие болды. Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі. Содан кейін байдарка мен каноэде есуден Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: ұлттық құраманың киімі Қазақстанда тігілмейді

    Биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж Олимпиадасына арналған ұлттық құрама спортшыларының киімі Қазақстанда тігілмейді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni. Форма сапалы болады деп сенеміз. Себебі, қаңтарда үлкен комиссия құрылды. Оның ішінде 25 адам болды. Комиссия құрамына әлем және Олимпиада чемпиондары, қоғам белсенділері енді. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысты. Нәтижесінде 6 форманың эскизін ...

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды

    Бадминтоннан ұлттық құраманың спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Дмитрий Панарин олимпиялық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді. Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады. Бадминтоншы осыған дейін 2018 жылы Аргентинаның астанасы — Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы ...

    Read More »

    Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды

    Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық ...

    Read More »