• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: лицензия

    Олимпиадаға 26 жолдама бар

    Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын  XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар. Атап айтанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия. Ал ...

    Read More »

    17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады

    Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді. Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл лицензия — таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы. Олимпиада жолдамасын алған Батырхан Төлеуғали ...

    Read More »

    Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды

    Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды. Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Қазақстан боксшылары келесі айналымға шықты

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 51 келіде сынға түсіп жатқан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен 92 келідегі Айбек Оралбай жеңіске жетті. Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранжа Мачарияны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. Қазақ боксшысы бірінші раундтан бастап тізгінді уысында ұстап, қарсыласын оңай жеңгенмен, жекпе-жекте қателіктің болғанын жасырмады. Ауыр салмақтағы боксшымыз Айбек Оралбай да лицензиялық турнирді жақсы бастады. Ол ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: бокстан лицензиялық турнирге кімдер барады?

    4-12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Францияның Париж қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензия беретін халықаралық турнир болады. Оған 114 елден 668 спортшы қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жақында Олимпиада жолдамасына таласатын боксшылардың есімдері белгілі болды. Қазақстанның ерлер құрамасы бес салмақта қолғап түйістіреді. Олар — Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), ...

    Read More »

    Қазақстан нысана көздеуден Олимпиадаға тағы екі лицензия алды

    Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз екі жолдаманы иеленді. 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді. Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайындалып жатыр

    Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін  лицензиялық турнирге дайындығын бастап кетті. Бұл жарыста жеңімпаз атанғандар Олимпиадаға лицензия алады. Қазір Алматыда турнирге дайындық болып жатыр. Боксшылар алдымен жалпы дене жаттығуын жасап, содан кейін арнайы физикалық дайындықты бастайды. Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасы Иран және Әзербайжан спортшыларымен бірігіп жаттығады. Италиядағы лицензиялық турнир 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді. Әзірше боксшыларда ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан қазіргі бессайыстан Олимпиадаға лицензия алды

    Cпортшы Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында әйелдер және ерлер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста Олимпиадаға жолдама алды. Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте сегізінші орынға ие болды. Бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен көрінді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі — 1340 ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды мақсат етіп отыр  

    Келесі жылы Францияның астанасы – Париж қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан командасын Париж Олимпиадасына дайындау үшін ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің ...

    Read More »