Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды. Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар. Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды. Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы ...
Read More »Tag Archives: лицензия
Олимпиада-2024: Қазақстан байдарка мен каноэде есуден тағы төрт жолдама алды
Байдарка мен каноэде есуден Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы тағы төрт лицензияны жеңіп алды. Екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға ие болды. Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі. Содан кейін байдарка мен каноэде есуден Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының ...
Read More »Олимпиада-2024: ұлттық құраманың киімі Қазақстанда тігілмейді
Биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж Олимпиадасына арналған ұлттық құрама спортшыларының киімі Қазақстанда тігілмейді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni. Форма сапалы болады деп сенеміз. Себебі, қаңтарда үлкен комиссия құрылды. Оның ішінде 25 адам болды. Комиссия құрамына әлем және Олимпиада чемпиондары, қоғам белсенділері енді. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысты. Нәтижесінде 6 форманың эскизін ...
Read More »Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды
Бадминтоннан ұлттық құраманың спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Дмитрий Панарин олимпиялық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді. Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады. Бадминтоншы осыған дейін 2018 жылы Аргентинаның астанасы — Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы ...
Read More »Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды
Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық ...
Read More »Спаррингтік турнирге екі боксшы қосылды
8-10 сәуір аралығында Астанада бокстан спаррингтік жекпе-жектер өтеді. Бүгін қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды. Бокс федерациясының хабарлауынша, 54 келіде Дина Жоламан да Олимпиаданың лицензиясын алу үшін бақ сынайды. Ол — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, 66 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова өз мүмкіндігін пайдаланып көреді. 54 ...
Read More »Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама 11 жолдаманы иелініп отыр
Еліміздің параспортшылары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XVII Паралимпия ойындарына әзірше 11 жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Паралимпиадада жарыстар спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) ...
Read More »Олимпиадаға 26 жолдама бар
Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар. Атап айтанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия. Ал ...
Read More »17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады
Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді. Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл лицензия — таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы. Олимпиада жолдамасын алған Батырхан Төлеуғали ...
Read More »Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды
Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды. Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.
Read More »