• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Сурдлимпиада ойындары

    XX-қысқы Сурдлимпиада: шаңғышылар жүлдеге бір қадам жетпей қалды

    Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өткен XX-қысқы Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додаға 36 мемлекеттен 1 000-нан астам спортшы өнер көрсетті. Оған Қазақстаннан шаңғы жарысы, сноуборд және шахмат спорт түрлерінен 26 спортшы қатысты. Бұған дейін хабарланғандай, қысқы ойындарда Қазақстан ерлер құрама командасы клаcсикалық шахматтан қола медаль жеңіп алды. Жарыста құраманың шахматшылары Италия, Германия, Сербия ...

    Read More »

    XX-қысқы Сурдлимпиада: Қазақстан шахматтан қола жүлде алды

    Түркияның Эрзурум қаласында өтіп жатқан XX-қысқы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңіп алды. Күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды. Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейірман Пернеев пен Виктор Максименко ойнады. Классикалық шахматтан жарыс ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды (ВИДЕО)

    Бүгін Алматы қаласынан есту қабілеті зақымданған спортшылардың ұлттық құрамасы 2-12 наурыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында өтетін XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды. Оған 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыста спорттың тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал мен керлинг түрінен 34 комплект медаль сарапқа салынады. Қазақстан тарапынан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан  26 спортшы қатысады. Салтанатты рәсімде ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары Сурдлимпиадаға қатысады

    2-12 наурызда Түркияның Эрзурум қаласында XX қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін қысқы ойындарға әлемнің 36 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысады.  Бұл жарыста спорттың 7 түрінен  38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрама командасы спорттың 3 түрінен күш сынасады. Сурдимпиадаға 30 спортшы барады. Ұлттық құрама спортшыларын байрақты додаға салтанатты түрде шығарып салу ...

    Read More »

    Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілттері табыс етілді

    Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жыл үздігі – 2022» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына өңір әкімі Нұржан Нұржігітов қатысқан. Өзінің құттықтау сөзінде ол өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. «Қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқан. Сол дәстүрді жоғалтпау, сол абырой биігінен түспеу біздің алға қойған міндетіміз екенін естен шығармау керек. ...

    Read More »