• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1 000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.  Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен ойнап, жеңіске жетті. Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен бес рет ойнап, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады. Бірінші партияда есеп 7:6 (7:3) ...

    Read More »

    Президент кубогы: Қазақстан теннисшілері камбэк жасады

    Астанада Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко теннистен жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Олар ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова мен Дарья Зелинскаяны жеңді. Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болып тіркелді. Екінші сетте Сағындықова мен Дмитриченко 6:2 есебімен алға шықты. ...

    Read More »

    Жас теннисшілер Германияда топ жарды

    Германияның Кирххайм-унтер-Текк  қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe Baublies Jugend Cup жарысы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Оған Германия, Қазақстан, Словакия, Словения, Швейцария, Гонконг, Чехия, АҚШ, Италия, Румыния, Қырғызстан, Аустрия, Франция, барлығы 13 елден 32 жас теннисші қатысып, бақ сынады. Қазақстан спортшылары жекелей және жұптық сында үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Жекелей сында Айым Қанағатова ...

    Read More »

    Рыбакина Цинциннати турнирінің келесі айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін екеуі бір-бірімен алты рет ойнаған еді. Соның бесеуінде рыбакинаның мерейі үстем болған. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қарсыласынан 4:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 6:3 есебімен ...

    Read More »

    Президент кубогы: Қазақстан теннисшілері жеңімпаз атанды

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Іңкәр Дүйсебай мен Асылжан Арыстанбекова финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова мен Беларусь өкілі Анна Кубаревамен ойнап, жеңіске жетті. Бірінші партияда Ресей мен Беларусь жұбы тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Екінші сетте Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай 6:4 ...

    Read More »

    Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар үш рет кортқа шығып, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған кезде ...

    Read More »

    Рыбакина Канадада камбэк жасады

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға ...

    Read More »

    17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирді жеңіп алды

    17 жастағы Дамир Жалғасбай жұптық сында Испанияның Хатива қаласында өткен ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол латвиялық Артурс Загарспен бірге барлық ойынды жеңіспен аяқтады. Финалда Жалғасбай мен Загарс швейцариялық Адриен Бурде мен  мексикалық Алан Сау Франкомен бас жүлдені сарапқа салып, қарсыластарын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша, Дамир Жалғасбай спорттық жолында ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Gorky Tennis Park — Roland-Garros-тың ресми клубы

    Gorky Tennis Park ең беделді теннис турнирлерінің бірі — Roland-Garros ресми клубы мәртебесін алды. Сөйтіп, ол әлемдегі үш клубтың бірі атанды.  Әріптестік Франция теннис федерациясы мен Gorky Tennis Park арасында ресми келісіммен бекітілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Біз тарихи сәтке қол жеткізіп, Қазақстан аумағында үлкен брендтің атынан өкілдік ететінімізге өте қуаныштымыз. Өйткені біздің шешуші міндетіміз – елде теннисті кемеліне ...

    Read More »

    Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты

    Астанада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски мен үндістандық Сингх Каранды 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі болып отыр. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді. ...

    Read More »