• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Туризм және спорт министрлігі

    Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын болды, деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар іс-шарада келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды. Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық спорт ...

    Read More »

    Қостанай облысында 44 инвестициялық жоба дайындалып жатыр – министр

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қостанай облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Алқалы жиынға өңір азаматтары, қоғам белсенділері, журналистер, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты, деп хабарлады ведомство. Қостанайдағы Жастар сарайында өткен кездесуде Ермек Маржықпаев министрліктің биылғы жұмысы, туризм және спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалар және ведомствоның алдағы жоспарларын баяндады. 2025 жылға дейін елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдана ...

    Read More »

    Астана халқы ұлттық құраманы әуежайдан қарсы алды (ВИДЕО)

    Бүгін сағат 12:30-да Астана қаласының тұрғындары футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасын Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан күтіп алды. Салтанатты қарсы алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, футболшылардың туған-туыстары, достары мен жанкүйерлер қатысты, деп хабарлады ведомство. Кездесуде Ермек Маржықпаев ұлттық құрамаға жасыл алаңдағы жанкешті ойыны үшін алғыс айтты. Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше ...

    Read More »

    Бүгін Астанаға футболдан ұлттық құрама команда келеді

    Бүгін сағат 12.30-да Астанаға Словенияның Любляна қаласынан футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы ұшып келеді. Қазақстан құрамасын салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі Н.Назарбаев әуежайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Футболшыларды күтіп алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек қатысады, — делінген хабарламада. Бүгін Қазақстан ұлттық құрама командасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения ...

    Read More »

    Боксшылардың жарысқа дайындығында кемшілік көп – министр

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлады ведомство. Бұл жолы еліміздегі ең танымал спорт түрлері саналатын бокс пен дзюдо федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында олар спортшылардың Ханчжоудағы жарыс туралы айтып, көңіл көншітпейтін нәтиже көрсетуінің себептерін баяндады. Ермек Маржықпаев боксшылардың физикалық және функционалды дайындығында кем ...

    Read More »

    Азиада қорытындысы: министр федерацияларды сынады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев семсерлесу және таэквондо федерацияларының басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Жиында спорт түрлерінің Азия ойындарындағы қорытынды есебі тыңдалып, алдағы Париж Олимпиадасына қатысты жоспарлар пысықталды, деп хабарлады ведомство.  Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы көрсеткен нәтижелерге көңілі толмайтынын жеткізіп, федерация өкілдерінің Азиада алдында берген міндеттемелерін орындай алмағанын қатты сынға алды. Айта кету керек, семсершілер Азия ойындарында 1 алтын, 1 ...

    Read More »

    Елімізден Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына 53 спортшы қатысты

    Сауд Арабиясының астанасы – Ар-Рияд қаласында Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан спорттың он түрінен 53 спортшыдан құралған делегация құрамымен қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыс 11 күн болып, оған әлемнің 120 елінен 1 500-ден астам спортшы бақ сынасты. Ойындар бағдарламасы барлығы 16 спорт түрі бойынша өтті. Қазақстан дзюдо, таеквондо, күрес (белбеу күресі, қазақ күресі, грек-рим ...

    Read More »

    Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне жаңа басшы келді

    Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің басшысы болып Сырым Боранбай тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Сырым Боранбай 1986 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетін бітірді (бакалавриат, магистратура). Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді.   ФОТО: Туризм және спорт министрлігі  

    Read More »

     XIX Азиаданың қорытындысы: грек-рим күресінен құрама бас жаттықтырушы ескерту алды

    Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының қорытындысы бойынша спорт түрлері федерацияларының есебін тыңдауға кірісті. Онда бірінші болып грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының, одан кейін су спорты федерациясының есебі тыңдалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Спорт түрлері бойынша федерацияларының есебін тыңдау одан әрі жалғасады. Ал бүгінгі жиында алдымен грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында федерацияның өкілдері балуандардың ...

    Read More »

    Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталды

    Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Green Halls кешенінде өткен ауқымды іс-шарада 80-нен астам мемлекеттің өкілдеріне түрлі қойылымдар, жекпе-жек түрлерінің ерекшелігі жайлы көріністер ұсынылды. Елімізде жекпе-жек түрлері тиісті деңгейде дамып жатыр. Оның үстіне халықтың басым бөлігі аталған спортты тұрақты бақылап отырады. ...

    Read More »