Қазақстан спортшыларын жасөспірімдер Олимпиадасына бастап барған делегация мүшелерінен жасақталған Олимпиадаға дайындық жұмыстарына арналған штаб өз жұмысын одан әрі жалғастырып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін штаб жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға дайындықты бастады. XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада ...
Read More »Tag Archives: Туризм және спорт министрлігі
Конькишілер Жапонияда екі медаль алды
Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...
Read More »Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады
Елімізде жаңадан құрылған Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады. Бұл ойын әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі болып отыр. Арқан тартыс федерациясының мәліметіне қарағанда, арқан тартыс Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. Жақында жаңадан құрылған республикалық федерация президенті болып Еркебұлан Ілиясов тағайындалды. ...
Read More »Триатлоншылар он жылдан бері Олимпиадаға жолдама алған жоқ — министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев триатлон федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады ведомство. Жиында федерация өкілдері триатлоннан ұлттық құраманың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспарын таныстырды. Триатлоннан Қазақстан құрамасы былтыр халықаралық жарыстарда тәуір нәтиже көрсеткенімен, Қытайдағы Азия ойындарында бәсеке алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмады. Яғни, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Азиаданың алдында 1 күміс медаль жеңіп ...
Read More »Министр Олимпиада қалашығындағы спортшылардың жағдайымен танысты (ВИДЕО)
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Канвон провинциясының Каннын қаласындағы Олимпиада қалашығына барып, спортшылар және жаттықтырушылармен кездесті, деп хабарлады ведомство. Ермек Маржықпаев IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға келген атлеттеріміз орналасқан бөлмелерді аралап, жалпы жиналыс өткізді. Бәріңізді осында, жарыс өтетін жерде көргеніме қуаныштымын. Қаншама қонақ пен спортшылардың келгенін өздеріңіз көріп жатырсыздар. Барлығы 70-тен астам елден 1800-ге ...
Read More »Қазақстан Thailand Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды
Таиландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, турнирге Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысып, бір қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық спортшы Татьяна Генеоева финишке алтыншы болып жетті. Ерлер арасында Егор Карасев 18-орынды иеленді. Одан басқа 23 жасқа толмаған ...
Read More »Баскетболдан ұлттық құраманың нәтижесі көңіл көншітпейді — министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың былтырғы жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлады ведомство. Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сонымен қатар ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз ойнап, ...
Read More »Пара таеквондошылар Паралимпиадаға үш лицензия алды
Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз Нұрлан Домбаев, 80 кг-ден аса салмақтағы Нышан Өмірәлі мен 57 келіге дейінгі салмақтағы Кәмиля Досмалова биыл Париж қаласында өтетін Паралимпиялық ойындардың жолдамасын жеңіп алды. Спортшыларымыз ТОП-20 үздік спортшының қатарына кірді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның пара спортшылары Паралимпиадаға бес лицензияға ие болып отыр. Олар пара жеңіл атлетика, ...
Read More »Министр волейболдан ұлттық құраманы сынға алды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырды. Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Бүгінде еліміз бойынша 14 мың волейбол секциясы жұмыс істейді. Онда 600 мыңнан астам бала спорттың осы түрімен тұрақты шұғылданады. Волейболдан Қазақстан ұлттық ...
Read More »Елімізге Ресей мен Қытайдан келетін туристер көбейді
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген. Статистикаға қарағанда, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристер жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы ...
Read More »