• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: хоккей

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шықты

    Мажарстанның Будапешт қаласында шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур қалғанда элиталық дивизионға жолдама алды. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Мажарстан мен Австрия құрамаларымен сарапқа салып, ие болды. Осы дивизионда жастар құрамасы қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, алдымен айдын иелері – Мажарстанды 5:2, екінші ойында ...

    Read More »

    Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

    Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстанның жастар құрамасы Франция командасын 4:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне жетті. Бұған дейін жастар құрамасы Мажарстанды 5:2, Данияны 3:2 есебімен жеңген еді. Енді осы үш жеңістен кейін Қазақстан командасы  IA дивизионында көш бастады. Бұл дивизионда Сергей Старыгин жаттықтыратын жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония ...

    Read More »

    Қазақ хоккейшісі АҚШ-та рекорд жасады

    АҚШ-та қазақ хоккейшісі Бексұлтан Мақыш «Бостон» хоккей академиясының U15 командасы құрамында 100 ұпайды жинады. Ол қарсыластар қақпасына 44 ойында 55 шайба салып, 45 рет командаластарының гол салуына көмектесті. Яғни, 45 рет ұтымды пас берді. Сонымен қатар 15 жастағы Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп шайба салған хоккейші атанды. Оған дейін Кэмерон Штель 47 шайба салып, рекордсмен болған еді. Бексұлтан ...

    Read More »

    Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

    Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып,  төбелесіп қалды. Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан үлкен есеппен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соқының астына алды. Жалпы, хоккейде төбелестер жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары ...

    Read More »

    Дамир Ырысбаев: «Барысқа» қайтып барамын

    1990-2000 жылдардың басында «Егемен Қазақстан» газетінде «Қайда жүр екен, сол саңлақ?» деген айдар болатын. Онда газетке бұрын спортта жүрген азаматтардың немен айналысып, не істеп жүргендері туралы материал берілетін. Бүгін біз де осы дәстүрде жалғастырып, «Қайда жүр екен, сол саңлақ?» деп Астананың «Барыс» клубының бұрынғы ойыншысы Дамир Ырысбаевтың қазір қайда жүргенін, немен айналысып жатқанын білгіміз келіп, жан-жақтан сұрастырған едік. Қазір Дамир ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

    2024 жылы шайбалы хоккейден өтетін әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнайтын Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды. Әлем чемпионаты келесі жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Қазақстан хоккейшілер А тобында Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция мен Польшаға қарсы ойнайды. Мачтар Острава қаласында болады. Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қақпасына салынған шайба дауға айналды (ВИДЕО)

    Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізді. Соңғы ойында ұлттық құраманың хоккейшілері Словения командасымен кездесіп, 4:3 есебімен ұтты. Ал оның алдында Латвия құрамасымен ойында отандастарымыз 7:0 есебімен жеңілген болатын. Осы матчта Латвияның Қазақстан қақпасына салған үшінші шайбасы дауға айналды. Екінші кезеңнің басында Мартинш Дзиеркалс үшінші шайбаны соққанда, ол спортсүйер қауым үшін өте даулы болып көрінген. Бірақ гол ...

    Read More »

    Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бір ойынды жеңіп, екі матчта жеңілді (ВИДЕО)

    Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен 23.20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсіп жатыр. Бұған дейін ұлттық құрама  буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңген болатын.  Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5 есебімен ұтылды. Ал Канада әлем чемпионатында Латвияны 6:0, Словенияны 5:2 есебімен ұтса, Словакияны буллиттен 2:1 есебімен ...

    Read More »

    Астанада хоккейден халықаралық турнир басталды

    Астанада хоккейден халықаралық Qazaqstan Hockey Open 2023 турнирі басталды. 7 мамырға дейін өтетін турнирге Қазақстан, Ресей және Беларусь командалары қатысады. Қазақстан құрамасы кеше кешке алғашқы матчын Ресейге қомандасына қарсы өткізді. Бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі. Бұл халықаралық турнир Қазақстан хоккейшілері үшін әлем чемпионаты алдындағы дайындықтың бір кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Ал 13 мамырда Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига ...

    Read More »

    «Барыс» хоккейшілері 279 млн теңгеге дейін жалақы алады

    Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын барлық хоккейшінің жалақысын жариялады. Мысалы, соңғы маусымда «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алған. Екеуі де 50 миллион рубль (қазіргі курспен 278,73 миллион теңге) тауыпты. Одан кейін Алекс Грант – 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю – 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис ...

    Read More »