• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан футбол федерациясы

    Төреші Татьяна Сорокопудова УЕФА-ның бірінші санатын алды

    Қазақстан футбол федерациясы отандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы УЕФА төрешілерінің бірінші санатына көтерілгенін хабарлады. -Бұл шешім Татьяна Сорокопудованың кәсіби деңгейінің өскенін көрсетеді және оның көп жылдық еңбегі, жүйелі дамуы мен ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі тұрақты жұмысының нәтижесі саналады. УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы төрешілік жүйенің біртіндеп дамып келе жатқанын және ...

    Read More »

    Таразда заманауи футбол академиясы ашылады

    Қазақстан футбол федерациясы балалар-жасөспірімдер футболы инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа футбол академиясы Тараз қаласында орналасады. Аталған жоба ҚФФ-ның Жамбыл облысы әкімдігі мен Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры арасындағы үшжақты меморандум аясында іске асырылуда, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 22 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында жаңа футбол академиясының іргетасын қалау салтанаты болды. Жиынға ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Жамбыл облысының әкімі Ербол ...

    Read More »

    Қазақ клубтарын құрылыс компаниялары сатып алып жатыр

    «Qazaq Stroy» компаниясының басшысы әрі соның құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубынының иесі атанды. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, клубтың баланстық құны — 200 млн теңге. «Ақтөбе» футбол клубының құжаты бірер айда толық рәсімделеді. — Жекешелендіру — тікелей президенттің тапсырмасы. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Еліміздің қалталы азаматтары алып, клубты жетілдіреді. Клубқа қызығушылық танылып, өз үлесін қосамын деген кәсіпкер анықталды. Ол — «Qazaq Stroy» ...

    Read More »

    EURO-2026: Қазақстан U-17 алғашқы матчта үш ұпай алды

    Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Неделище қаласында Еуропа чемпионатының 2026 жылғы іріктеу турнирі аясында осы елдің құрама командасымен ойнады. Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта голды Ислам Рақым мен Расул Акимов салды. Хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальтиден допты торға тоғытты. Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды. Алайда Лука Бартолович ...

    Read More »

    «ПСЖ» президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді

    «Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» ...

    Read More »

    «Қызыл-Жар» клубы айыппұл арқалады

    Қазақстан футбол федерациясы тергеуге көмектесуден бас тартқан «Қызыл-Жар» футбол клубын жазалау туралы шешім қабылдады. Тергеу шілде айында Түркістан қаласында «Қызыл-Жар» мен «Тұран» клубтарының ойынына байланысты болып отыр. ҚФФ-ға матч алдын ала келісіп қойылған болуы мүмкін деген күдік тудырған. -Осыған орай Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтіп, «Тұран» клубымен матчқа байланысты қызметтік тергеу ісіне көмектесуден бас тартып, ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріндегі Уэльс пен Бельгия командаларымен матчтарға дайындықты  бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командаларымен сынға түсіп жатыр. Осы топта ел құрамасы 4-орында тұр. Ұлттық құрама Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) командаларынан жеңіліп, Лихтенштейнді (2:0) жеңді. Енді 4 қыркүйекте Астанада ...

    Read More »

    «Менің басты мақсатым – берік жүйе құру». ҚФФ президентімен сұхбат

    Биыл Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына Марат Омаров тағайындалғанына жарты жыл толды. Осы уақыт аралығында отандық футбол жүйесінде ауқымды өзгерістер басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл сұхбатта ҚФФ президенті стратегиялық басымдықтар, клубтарды жекешелендіру, бизнес әріптестік, ұлттық құрамалар және адал ойын принциптері туралы айтты. – Марат Талғатұлы, федерацияны басқарғаныңызға жарты жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіңіз үшін қандай басты мақсаттар ...

    Read More »

    Марат Омаров: «Әр ауылда футбол алаңы болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз»

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Qazsport телеарнасына сұхбат беріп, ҚФФ өңірлік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып жатқанын, ҚФФ-ның елімізде Конференциялар лигасының немесе УЕФА Суперкубогының финалын өткізуге дайын екенін және саланы тұрақты дамытуда клубтарды жекешелендірудің маңызды екенін айтты. Яғни, ол футболдың мемлекеттен қаржыландырылмау керектігін атап өтті. Енді осыларды рет-ретімен айтса кетсек, ҚФФ басшысының айтуынша, ел тарихында алғаш рет FIFA-ның қолдауымен мектептерде ...

    Read More »

    Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский маусымның соңына дейін жұмысынан шеттетілді

    ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» — «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді. ...

    Read More »