• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әйелдер күресі

    Балуандар белдесуді жақсы бастады

    Астанада күрестен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Еркін күрес балуандары алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті. Дастанбек Өсімжан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық Андрей Джелепті 8/1 финалда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты. Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта Грузия өкілі Александр Абрамишвилиді уақытынан бұрын 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Түркия балуаны Хакан Буючингильмен күресіп, 11:1 ...

    Read More »

    Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті. Қазақстан командасының спортшысы, жазғы Азия ойындары мен Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Беларусь өкілі Наталья Варакинамен күш сынасты. Бұл сында отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 50 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Кеше Баянова жарысты 8/1 айналымнан бастап, ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жарыс күнінің жартылай финал белдесулері басталды. Жәмила Бақбергенова (-72 кг) Қытай өкілі Зелу Лимен финалға берілер жолдаманы сарапқа салды. Бұл сында отандасымыз қарсыласынан 4:2 есебімен жеңілді. Енді ертең ұлттық құрама спортшысы қола медаль үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады. Бүгін іріктеуде Жәмила Бақбергенова Молдова өкілі Эмилия Кречунды, ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні әйелдер күресімен жалғасты. Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина өкілі, U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Надия Соколовскамен белдесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті. Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай өкілі Зелу Лимен күш сынасады. Жартылай финал сағат 16:30-да ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Баянова мен Раимова қола жүлде үшін күреседі

    Астанада күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова қола медаль үшін күреседі. Зейнеп Баянова жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта Үндістан өкілі Ниламмен күресіп, 7:3 есебімен жеңіліп қалды. Нилуфар Раимова да финалға шыға алмады. Ол 57 келіге дейінгі салмақта Жапония өкілі Сена Нагамотодан 11:0 есебімен есе жіберді. Енді отандастарымыз қола жүлде үшін күреседі. Бүгін белдесулер болады. Кеше Исхар ...

    Read More »

    Күрестен әлемдік дода қыза түсті

    Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресі басталып, грек-рим күресінен шешуші белдесулер жалғасын тапты. Қазақстан атынан алғаш болып бозкілемге Бейбіт Сейдуәлі шықты. Ол 65 келіге дейінгі салмақта алғашқы айналымда Гонконг өкілі Цуй Тин Саумен белдесті. Бейбіт Сейдуәлі қарсыласын айқын басымдықпен 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Чили өкілі Хименес Фернандестен 3:2 есебімен айласын асырып, ширек финалға шықты. Алайда ...

    Read More »

    Астанаға алыс елдерден апайтөс балуандар жиналды

    24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жылдың басты додаларының біріне 135 елден 900-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Тоғыз күнге созылатын жарыста күрестің үш түрі бойынша 30 салмақ дәрежесінің чемпиондары анықталады. Астана бозкілемінде Олимпиада және әлем чемпиондары, халықаралық рейтингтегі көшбасшылар ...

    Read More »

    Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

    Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...

    Read More »

    Қыздар халықаралық турнирде екі күміс жүлде алды

    Осы күндері Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі болып жатыр. Осы халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде алды. 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалда ресейлік Александра Скиренкодан жеңіліп, екінші орынды алып қалды аяқтады. 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова финалда Светлана Липатовамен (Ресей) күресті. Белдесуде ресейлік балуан жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына ...

    Read More »

    Балуандар Афинадан 11 жүлдемен келе жатыр

    Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді. Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздар арасында Мадхия ...

    Read More »