• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Спорт академияның спортшылары сыннан сүрінбеді

    Қазан айы қоржынымыз медальға толып, жүлде жинадық. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды, жүлдегер болды.

    Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогы өткен болатын. Аталған додада академияның спортшылары бақ сынап, жақсы өнер көрсетті. Жастар арасында жарыс жолына шыққан Жанасыл Әнуаров 73 килода, қыздар арасында Зарина Сарипова 57 кг салмақта алтын медаль алса, 81 килода Қуаныш Ратаевқа қоладан жүлде бұйырды.

    Қырғыз еліндегі жеңісті күндер Өзбекстанда жалғасын тапты. Ташкент қаласында самбо күресінен жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының қос спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болды. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 килода күміс, Шалқыбек Рахметоллаев жастар арасында 74 кг салмақта қоладан медаль тақты.

    Есентай мен Шалқыбекті спорт академиясының бапкерлері, спортшылары Семейдің теміржол бекетінен күтіп алды. Есентай финалда Ресей балуанымен жол түйістіріпті. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дейді ғой. Қарсыласының бағы шауыпты. Есентай бар жоғы 1:0 есебімен ұтылды. Ал Шалқыбек қола жүлдеге таласқанда әзірбайжан қарсыласын қапы қалдырған. Айта кетейік, қыркүйек айында Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен өткен Азия чемпионатында Есентай Имаханов алтыннан алқа тақса, Шалқыбек Рахметоллаев үздік бестіктен көрінді.

    Әлбетте, спортшылардың жеңісі бапкердің біліктілігіне байланысты. Бұл ретте Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Көшкінов бастаған жаттықтырушылардың еңбегін айта кету ләзім. Ташкент төрінде өткен әлемдік додаға спортшыларды Мерейғалы Қойшыбекұлының төл шәкірттері – Қайрат Күнсафин мен Біржан Имаханов жаттықтырып апарған еді.

     

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академясының баспасөз қызметі.    

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *