• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    VIII Қысқы Қазақстан Универсиадасы басталды

    Студенттердің спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін сынайтын дода шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып отыр. Универсиада ерлер мен қыздар арасындағы қысқы Президенттік көпсайыстан басталды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз қызметі.

    Оның салтанатты ашылу рәсіміне ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Садық Мұстафаев, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов, бас төреші Болатбек Дүсіпов қатысып, спортты жанына серік еткен жастарға сәттілік тіледі.

    – Шығыстың киелі жеріне, кенді Алтай жүрегі Өскемен қаласына қош келдіңіздер. Білімді жастар және спортшыларымыз әрқашанда елдің абыройын асқақтатып, әлемдік аренадағы  беделін сақтап, нығайтуға үлес қосып келеді. Сіздер солардың ізін басып келе жатырсыздар. Тек қана жеңіс тілеймін, біз сіздерге жанкүйер боламыз, – деді ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.

    Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған студенттер үш күн бойы спорттың бірнеше түрі бойынша сайысқа түседі.

    Бүгін қатысушылар шаңғымен жарыс жолына шықты. Алда әлі күш гимнастикасы және оқ атудан жарыс күтіп тұр. Универсиада қорытындысы бойынша 2021 жылы өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарына спортшылар іріктелетін болады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *