• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алмат Кебіспаев – қола жүлдегер

    Норвегияның астанасы Осло қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Алмат Кебіспаев қола жүлдегер атанды.

    Ол грек-рим күресінен 67 кило салмақ дәрежесінде түркиялық Мұрат Фиратпен кездесіп, оны 7: 4 есебімен жеңді. Бұл – Алмат балуанның әлем чемпионаттарындағы төртінші қола жүлдесі. Бұған дейін ол 2010 жылы Ресейде күміс медальді иеленсе, 2011 жылы Түркияда, 2015 жылы АҚШ-та және 2019 жылы елімізде жалауы желбіреген әлемдік сында құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген болатын.

    Қазақ спортшылары әлемдік додада бір күміс және бір қола медальге ие болды.

     

    Дастан ЖҰМАБЕКҰЛЫ

    (Спорт меценаты Рүстем Мұқатов пен грек-рим күресінен Қазақстанның жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Серік Жұмашевтың Алмат Кебіспаевты Алматы халықаралық әуежайынан күтіп алған сәті)

    Бір пікір

    1. Парфюмерия интернет

      Неплохо.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *