• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Павлодарда Олимпиаданың жүлдегеріне пәтер берілді

    Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың жүлдегері, еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбайға пәтер кілтін табыс етті.

    Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс медалисі. Биыл ол қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер болып, Грузия мен Өзбекстан спортшыларының нәтижелері есепке алынбағанынан кейін Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ал қазір ол жаттықтырушы болуды мақсат етіп отыр.

    Мен жастарға тәжірибемді беріп, еңбексүйгіштікке үйреткім келеді. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін! – деді Дәулет Шабанбай.

    Кездесуде облыс басшысы Олимпиада жүлдегерінің спортты дамытудағы еңбегін бағалап, Павлодардағы бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *