• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Көшеде көліктерге кедергі келтірген «Каспий» клубының жанкүйерлеріне айыппұл салынды

    Ақтауда жергілікті жанкүйерлерге футзалдан Қазақстан чемпионатының «Каспий» мен Алматының «Қайрат» клубтары арасындағы матчтқа бара жатқанда көшеге шығып, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

    Көлік қозғалысына кедергі келтірген Ford Fiesta және Toyota Camry көлігінің жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекісінің 593-бабы 2-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау), 595-бөлігі 1-бөлігі (маневр жасау ережесін  бұзу) және 614-бабы 1-бөлігі (көліктерге кедергілер жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

    Сондай-ақ көшеде қолындағы алауды жерге лақтырған ер адамға да әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды.

    «Каспий» мен «Қайрат» командаларының ойыны 5:8 есебімен аяқталды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *