• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Бибосынов жекпе-жегінің дауы». Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

    Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлевқа ресми шағым жолдады, деп хабарлады Zakon.kz.

    Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді.

    Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми шағым жолдады. Біз IBA басшылығынан жауап күтеміз. Өкінішке қарай, қазіргі ережелерге сәйкес наразылық білдіруге (апелляцияға) рұқсат етілмейді. Оның орнына судьялардың шешімін қайта қарау процедурасы ұсынылады: егер жекпе-жек 3:2 немесе 2:3 есебімен аяқталса. Басқа жағдайларда шешімді қайта қарау деген жоқ, — деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.

    Халықаралық бокс федерациясының ресми мәлімдемесін күтеміз.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *