• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Yearly Archives: 2018

    Көкбастауда көкке қырандар самғады

    Көкбастау ипподромында «Саятшылық» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар – 2018» халықаралық жарысы өтті. Бірнеше облыстан бүркіт, қаршыға, ителгілерін ала келген құсбегілер құс салудан бәсекеге түсті. Жарысқа Италия, Испания, Венгрия, Ресей, Моңғолиядан да осы өнерге ден қойғандар қатысты. Бұл дәстүрлі жарыс түрі негізінен Еңбекшіқазақ ауданында өтіп келсе, биыл ақындар мен батырлар елінде ұйымдастырылды. «Қансонарда бүркітші шығады аңға, тастан түлкі табылар аңдығанға», деп ...

    Read More »

    Ғылым мен спортты қатар алып жүрген азамат

    Белгілі педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Бұл ғылыми атақ академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы берілді. Айта кетерлігі, мұндай атақ ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым, мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне ғана беріледі. Бауыржан Сәбитұлына мүшелік диплом ...

    Read More »

    Астанада спорт журналистерінің басшысы сайланады

    Астана қаласында 8 желтоқсан күні Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының кезектен тыс конференциясы өтеді. Жиында ұйымның басшысы сайланып, жаңа құрамы өзгертіліп, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар талқыланады. Конференция Мәскеу көшесі, 33 А мекен-жайында орналасқан Qazsport телеарнасының ғимаратында болады. Дастан КЕНЖАЛИН

    Read More »

    Қазақ таэквондошылары алты жүлде алды

    29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Беларусьтің астанасы Минск қаласында таэквондоның ITF тұжырымы бойынша өткен Әлем Кубогына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Семей спорт академиясының шәкірттері де қатысты. Осы жарыста туль дан семейлік қос мықты Дамир Советхан Әлем Кубогында 2 алтын, Аңсар Төкенов 1 алтын жүлдені қоржынға салды. Ал 14 – 15 жас аралығында сынға түскен Темірлан Қадыржанов 60 кило салмақта ...

    Read More »

    Ардагер палуан Қазақстан чемпионы атанды

    Талдықорған қаласында Спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен өткен «Арландар айқасы» Қазақстан чемпионатында Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресі федерациясының  президенті Қаймен Есендияров алтын жүлдені жеңіп алды. Қаймен Есенаманұлы – күрестің бірнеше түрінен спорт шебері. Қазір ол жасы 50-ден асса да бозкілемнен шықпай, жыл сайын халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуды әдетке айналдырған. Осы белдесулерде Қайекең үнемі құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп, жастарға ...

    Read More »

    Сағадат батыр сайысында сайыпқырандар сынға түсті

    Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде джиу-джитсудан турнир өтті. Жыл сайын қоңыр күзде  ұйымдастырылатын додаға биыл Қырғызстанның Ош облысынан және Бішкек қаласынан да спортшылар келіп бақтарын сынады. Бұдан бөлек  «International Sagadat batyr jiu-jitsu kids cup-2018» турниріне еліміздің әр облысынан және Алматы, Талдықорған қаласынан да командалар қатысты. Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың есімімен аталатын  «Sagadat batyr» клубының басшысы, ...

    Read More »

    Жылысай жарысы жыл сайын жалғасады

    Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан Жылысай жарысы мәресіне жетті. Бұл жолы дәстүрлі турнирді 1977 жылы туған азаматтар ұйымдастырды. Тартысты өткен сайыста бірінші орынды Балғабаевтар, екінші орынды Досымбаевтар, үшінші орынды «Жылысай жастары» командасы еншіледі. Топтық кезеңнен өтіп, жартылай финалға жетіп тоқтаған 1974 жылғы азаматтардан жасақталған командаға да қаржылай сыйлық табыс етілді. Үздік қорғаушы, үздік шабуылшы ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Бекарыс Сәдуақас туралы бір үзік сыр

    Биыл Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасындағы Жазғы Оимпиада ойындары өткізілді. Ол алдымен 2010 жылы Сингапурде, сосын 2014 жылы Нанкинде жалауы желбіреп, үшінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жарыста дзюдо күресінен алтын жүлдені Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің  оқушысы Бекарыс Сәдуақас жеңіп алып, Қазақстанның атын атойлап шығарды. 6-18 қазан аралығында өткен аламан сайысқа 206 мемлекеттен 3998 саңлақ спорттың 32 ...

    Read More »

    Алматыда студенттер Спартакиадада күш сынасты

    Жуырда Алматыдаға М. Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағының  «Спартак» спорт кешенінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің 90 жылдығына орай, салауатты өмір сүруге арналған дәстүрлі «Денсаулық-күні»  Спартакиадасы өтті. Шара 500-ге жуық студенттерден құралған флешмобпен ашылып, одан әрі командалардың шеруіне, дене шынықтыру және спорт кафедрасы жанындағы  спорттық  секциялардың көрінісіне ұласты.  «Адам денесінің жетілуі  — оның денсаулығы; егер денің сау болса, ...

    Read More »

    Алматыда спорт ордалары Жолдауды талқылады

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  тапсырмасымен Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған жиын  өтті. Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Жиынға Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы  «Олимпиада резервінің ...

    Read More »