• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қыркүйек 2019

    Ақтөбеде Ұлттық спорт фестивалі басталды

    Ақтөбе қаласында кеше басталған Ұлттық спорт фестивалінің алғашқы күндері жанкүйерлер көкпар додасын тамашалауда. Еліміздің 12 көкпар командасы  V фестиваль жүлдесін сарапқа салуды бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. V фестивальға Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысуда. Бұл он екі команда төрт топқа бөлінген. ...

    Read More »

    Қазақ самбошылары Үндістанда екі алтын жүлде алды

    Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады  Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отыз тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының ...

    Read More »

    Асыл Ана

    Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.   Ғафу Қайырбеков   Біз анамыз Ұлмекен Төленқызын бала кезімізден «апа» деп айтып өскенбіз. Апамның немерелері де оны осылай айтатын еді. Ол кісі 1936 жылы туған. Өзі де «Тышқан жылы туғанмын» деп айтып отыратын. Апамыз әкеміз Омар Кенжалыұлына жастайынан тұрмысқа шыққан екен. Содан бері екеуі өмір бойы бір-бірінің қас-қабағына ...

    Read More »

    Ұлан-Батыр қаласында садақ атудан жарыстың жалауы желбіреді

    Моңғолия мемлекеті дәстүрлі садақ атудан І халықаралық турнирді Ұлан-батыр қаласында ұйымдастырды. Қыркүйектің 5-9 күндері аралығында өткен бұл жарыста 27 мемлекеттің алпысқа жуық мергендері бақ сынады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Мергендік сайысынан Моңғолияда ұйымдастырылған І халықаралық турнир «Азия стилі», «Корей стилі», «Еуропа стилі» және Моңғолия дәстүрлі садақ ату стилі бойынша өтті. Қаршадай баласынан, қажырлы қариясына дейін ұлттық садақ ...

    Read More »

    Төрт құрлықта Түкиевтің тулары тұр

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын табаны күректей 13 жыл басқарып, қазақтың өзі жөндеп қадіріне жете қоймаған ұлттық күресті төрт құрлыққа мәлім қылып, 30-ға жуық елде федерация құруға қол жеткізген Серік Адамболсынұлы, міне, алты айға жуық жаламен қамауда отыр. Тамыздың 13-і күні Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бір топ спорт қайраткерлері мен атақты спортшылар ашық хат жолдаған едік. Қазір сол хатқа ...

    Read More »

    Мергендер XV әлем чемпионатында 17 жүлде жеңіп алды

    Біздің сұрмергендер Оңтүстік Кореяда өткен XV әлем чемпионатынан қанжығаларын медальға толтырып оралуда.  Қазақ ұлттық құрама командасының спортшылары  әлемдік айқаста жиыны 3 алтын, 2 күміс, 12 қола медаль   ұтып алды деген сүйінші хабар алдық. Жеңімпаз спортшыларымыз арқылы Оңтүстік Кореядағы Дүниежүзілік ат үстінен садақ ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығына арнайы сыйлық жолдапты. Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстінен садақ атудан өткен XV ...

    Read More »

    Алматыда чемпиондар ұстаханасы оқушыларға есігін ашты

    Елімізде 1-қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылып, балалар жаңа оқу жылына қадам басатыны дәстүрге айналған.  Осылайша бүгін Алматыдағы Кəркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шаңырағы да  білім нәрінен сусындайтын жасөспірім оқушыларына есігін айқара ашты. Оқу жылының басталуына арналған жиынға сап түзеген оқушылар, сыныпатастарымен  қауышып, жаз бойы жиған әңгімелерін айтып тауыса алмауда.  Спортты да бір ұлы өнер  деп қарасақ, оқу ...

    Read More »