Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчқа дейін Н тобында құрамалардың еншісінде 9 ұпайдан бар еді. Кешегі ойында Финляндия футболшылары жалғыз гол салып, екі командаға да маңызды болған 3 ұпайды алды. Жалғыз голды 78-минутта Оливер Антман салды. Сөйтіп, қонақтар 12 ұпаймен Н тобындағы бірінші орынын сақтап қалды. Ал Қазақстан ...
Read More »Daily Archives: 07.09.2023
Қазақстан – Финляндия матчына арнайы автобустар стадионға қатынайды
Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің аясында болатын Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командаларының матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар апарады. Астананың бес тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Автобустар мына жерден қатынайды: — «Астаналық цирк» автотұрағы; — «Қазақстан» СК автотұрағы; — «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы; — «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің ...
Read More »Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы көш бастады
Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты болып жатыр. Қазір А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан мен Египет құрамаларын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты. Әлем чемпиоантының алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) египеттік Шрук Вафаны, сосын Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения ...
Read More »Финляндияны жеңе аламыз – Магомед Адиев
Бүгін футболдан 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Финляндия командаларының матчының қарсаңында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев ойын туралы өз ойын айтты. Ол БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында Финляндия құрамасының бас жаттықтырушысының жақсы команда жасақтап алғанын, ойыншыларының бәрі сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі футболшылар екенін атап өтті. Финляндия оңай қарсылас емес. Оларда шабуылда үш жақсы ойнайтын ...
Read More »US Open: Қазақстан теннисшісі финалға шықты
Теннисші Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапон теннисшісі Ена Шибахара мен хорват спортшысы Мате Павич жұбымен кездесіп, қарсыластарын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты. Бұл матч бір жарым сағатқа созылды. Кездесуде қазақстандық жұп 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. Енді ...
Read More »