• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Cranberry Cup International: Софья Самоделкина екінші орыннан көрінді

    АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Cranberry Cup International 2025 атты Челленджер сериясындағы халықаралық турнирінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 65.80 ұпай жинап, 20 спортшы қатысқан сында екінші орын алды. Бүгін Софья Самоделкина еркін бағдарламада сынға түседі. Әйелдер арасындағы жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жалпы, бұл жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Осыған дейін Софья Самоделкина 2026 жылы ...

    Read More »

    Президент кубогы: Қазақстан теннисшілері жеңімпаз атанды

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Іңкәр Дүйсебай мен Асылжан Арыстанбекова финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова мен Беларусь өкілі Анна Кубаревамен ойнап, жеңіске жетті. Бірінші партияда Ресей мен Беларусь жұбы тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Екінші сетте Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай 6:4 ...

    Read More »

    Халықаралық электроника және технологиялар көрмесі

    Алматыда Қытай, Қазақстан және ШЫҰ мемлекеттері арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың стратегиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Алматыда Hometech & Electra 2025 электроника және тұрмыстық техника халықаралық көрмесінде, Hometech & Electra Forum «Орталық Азия мен көршілес өңірлерде электроника және цифрлық жүйелер нарығын дамыту» іскерлік бағдарламасы аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің криптографиясын көрсетуді стандарттау орталығы мен деректер қауіпсіздігі бойынша бірлескен әзірлеу орталығын ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан спортшылары бес қола медаль алды

    Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты одан әрі жалғасуда, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Бүгін 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға шықты. Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге ...

    Read More »

    «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлер саны 30 адамға жетті

    France Football басылымы 22 қыркүйекте жылдың үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне 30 үміткердің атын жария етті. Басылымның хабарына қарағанда, Францияның «Пари Сен-Жермен» ойыншылары 2018 жылы «Реал Мадрид» жасаған рекордты қайталап, «Алтын доп» жүлдесіне  үмітті 30 адамның қатарынан төбе көрсетті. Биыл «ПСЖ» клубының 9 ойыншысыТоп-30-ға енді. Сонымен бірге тізімде «Барселонаның» — 4, «Реалдың» — 3 және «Ливерпульдің» 3 ойыншысы бар. ...

    Read More »

    Мөлдір Жаңбырбай – XII Дүниежүзілік ойындардың күміс медалисі!

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда каратэден бірінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір өтетін айтулы доданың финалына дейін жетті. Ол финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен күш сынасты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен ...

    Read More »

    Зәуреш Ақашева — WTT Feeder турнирінің қола жүлдегері!

    АҚШ-тың Спокане қаласында үстел теннисінен өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде ұлттық құрама команданың өкілі Зәуреш Ақашева қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге ойнап, қола медаль үшін матчта жеңіске жетті.    

    Read More »

    «Тұран» төрт тур қалғанда бас жаттықтырушысыз қалды

    Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубы премьер-лига ойындарының аяқталуына төрт тур қалғанда бас жаттықтырушы Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянцпен қош айтысты. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір «Тұранның» бірінші лигаға түсіп қалу қаупі бар. Сол себептен бас жаттықтырушы мен оның көмекшісі командадан кетуге мәжбүр болып отыр. Қазір клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында. Оның алдында 12-орында 13 ұпаймен «Ұлытау» ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Төрт спортшымыз финалда қолғап түйістіреді

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрамасының төрт спортшысы финалға шықты. Азия чемпионы атағы үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) мен Әсел Тоқтасын (80 келіден аса салмақ) қолғап түйістіреді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Кавказда қазақ боксшының інісінің денесі табылды

    Грузияда белгілі кәсіпқой боксшы Серік Мусадиловтың інісі Шыңғыс Мусадиловтың мәйіті табылды, деп хабарлады Prosport.kz. Ол 3 тамыздан 4 тамызға қараған түні Тбилисидегі түнгі клубтардың бірінің жанында болып, содан кейін хабарсыз кеткен. Байланысқа шықпай, үйіне де, жұмысына да бармаған. Жас жігіттің туыстары жан-жаққа хабарласып, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Алайда ешқандай нәтиже болмай, Шыңғыстың денесі 27 тамызда табылды. Әзірге Шыңғыс Мусадиловтың ...

    Read More »