Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Финалда Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды. Онда Начын Куулар (-70 кг) мен Әлішер Ерғали (125 кг) күміс медалист болды. Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) жеңілді. ...
Read More »Басты тақырып
Бокстан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирге қатысатын ұлттық құраманың тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Ерлер: — Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Махмұд Сабырхан (55 кг) — Серік Теміржанов (60 кг) — Ертуған Зейнуллинов (65 кг) — Абылайхан Жүсіпов (70 кг) — Сабыржан Аққалықов (75 кг) — Нұрбек Оралбай (80 кг) — ...
Read More »Түркияда Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан алтын жүлдені жеңіп алды
Грек-рим күресінен Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитеті. Турнирде Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) жеңімпаз атанса, Азамат Дәулетбеков (-86 кг) екінші орынды иеленді. Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановты ...
Read More »Әйелдер күресі: Қазақстан құрамасы Түркияда алты медаль иеленді
Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир болып жатыр. Бүгін Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде әйелдер белдесулері аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдына Түркия мен Үндістанның спортшыларын жіберіп, алты медальмен үшінші орынды қанағат тұтты. Отандастарымыз 3 күміс пен 3 қола жүлдені алды. Атап айтқанда, Светлана Анкичева (-50 кг), Диана Каюмова (-59 кг) ...
Read More »Анна Данилина Ұлыбританиядан жеңіспен келе жатыр
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында жалауы көтерілген WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Осыған дейін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос», турнирінде, Лондон, Ноттингем қалаларындағы жарыстарында финалға дейін жеткен теннисші бұл жолы чехиялық Мари Боузковамен бірге бақ сынаған еді. Данилина мен Боузкова дуэті финалда австралиялық Майя Джойнт пен Тайбэй өкілі Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа ...
Read More »Жібек Құламбаева ITF W15 турнирінің финалына шықты
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп ойнап жатыр. Теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 695-орында тұрған ресейлік Милана Жабраиловадан айласын асырды. Бірінші партия аса тартысты өтіп, тай-брейкте Жібек Құламбаева 7:6 (7:3), екінші сетте 4:0 есебімен басымдық танытты. Соңында матчты 6:1 есебімен жеңді. Матч екі сағаттан астам ...
Read More »Денсаулық – зор байлық
STADA компаниясы жыл сайын денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамдық пікірді зерттейтін халықаралық STADA Health Report есебінің нәтижесін ұсынды. Зерттеуде түрлі ел азаматтарының кең ауқымды көзқарасы көрініс тапқан, ондағы деректер халықтың өз денсаулығына қатысты ынтасы мен мінез-құлқын, фармацевтика және медициналық сауат деңгейін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы заманауи трендтерді терең түсінуге көмектеседі. Бұл STADA Health Report өз саласы бойынша ірі халықаралық зерттеу ...
Read More »Теннисшілеріміз қарт құрлықтың төрінен төбе көрсетті
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінде көңіл көншітерлік өнер көрсетіп жатыр. Мысалы, Бейбіт Жұқаевтың өзі жас болса да бас бола білетінін дәлелдеп, алғаш рет Уимблдонның іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, «Үлкен дулының» кілең мықтылар ойнайтын басты додасына жолдама алды. Осының өзі жас спортшы үшін үлкен жетістік деуге болады. Сол сияқты ...
Read More »Муайтайдан АЧ: Қазақстан жеті алтын жүлде алды
Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биыл команда сапында 24 отандасымыз жүлдеге таласты. Нәтижесінде U23 және ересектер кіретін А санатында ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер тізімін Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтынан көре аласыздар. ...
Read More »Үш тұлғаға арналған ескерткіш тақта
Қазақ спортында аттары айшықты тұлғалардың арасында Тимур Қамалұлы Досымбетов, Эдуард Фердинандович Айрих пен Қазбек Дәулетбекұлы Байболовтардың есімдері ерекше айтылады. Бұл үш азаматтың Қазақстан спортының дамуына өз салалары бойынша салып кеткен сара жолын жас ұрпақ ұмытпас деп білеміз. Айтулы үш тұлғаның қол астынан тәрбие алған жүздеген спортшылар еліміздің көк байрағын әлемдік ареналарда абыроймен желбіретіп, жеңіс биігінен көрініп келеді. Мысалы, Қазбек Дәулетбекұлы ...
Read More »