• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) Алматыда ATP 250 турнирін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс әуелі Астанада өтетін болған. Енді АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр. Өйткені, өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады, — деді ...

    Read More »

    Бейбіт Жукаев Australian Open турнирін жеңіспен бастады

    Теннисші Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Ол іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті. Бірінші партияда Жукаев қарсыласын 6:1 есебімен, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мачтың өзі 1 сағат 18 минут болды. Енді Бейбіт Жукаев іріктеу турнирінің жартылай ...

    Read More »

    Бүгін Рыбакина тағы бір турнирге қатысады

    Бүгін Аустраиляның Аделаида қаласында теннистен WTA 500 турнирі басталады. Ол 13 қаңтарға дейін болады. Осы турнирге әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Рыбакина кешегі Брисбен қаласында болған WTA 500 турнирін жеңіп алған соң, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді. Ол доданы екінші айналымнан бастайды. Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина ...

    Read More »

    Анна Данилина WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Данилина жарыстың екінші ракеткасы болып тіркеліп,  словакиялық Виктория Хрунчаковамен бірге финалда чехиялық Мария Боузкова мен америкалық Бетани Маттек-Сандсді жеңді. Бірінші партияда Данилина мен Хрунчакованың дуэті қарсыластарынан 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте Чехия мен АҚШ-тың жұбы 7:6 (7:5) есебімен есе қайтарды. Одан ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Рыбакина қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты.  Есеп — 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирлерде финалға шықты

    Теннисшілер Анна Данилина мен Жібек Құламбаева халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықса, Құламбаева Таиландтың Нонтхабури қаласында жалғасып жатқан ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жартылай финалда франциялық Джессика Понше мен чехиялық Анна Шишковамен ойнады. Бірінші партияда Данилина ...

    Read More »

    Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды

    Германияның бұрынғы теннисшісі Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтағын алды деген дерек шықты. Бұл туралы Telegram-дағы Рыбакинаның ракеткасы арнасы хабарлады. Соня Жиенбаеваның жасы 17-де. Ол 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында туған. Оның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан. Бала кезінде Соня Жиенбаева отбасымен Германияға көшкен. 2022 жылы ол жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде үздік 30 теннисшінің қатарына кірді.  Алты рет ITF ...

    Read More »

    Рыбакинаның қарсыласы ойыннан бас тартты (ВИДЕО)

    Теннистен Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен кездесіп, бірінші партияның ойыны болып жатқанда қарсыласының жарақат алуына байланысты ½ финалға жолдама алды. Осыған дейін теннисшілер бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген екен. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасап, ...

    Read More »

    Теннисші Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтың Нонтхабури қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска мен жапониялық Юки Наитомен сынға түсті. Құламбаева мен Сакеллариди қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Аустралияның Брисбен ...

    Read More »

    Әмір Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды

    Теннисші Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді. Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға шықты. Виталий Зацепин – 85 (+71), Ілияс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) аяқ басты. Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Айя Нұпбай – 168 ...

    Read More »