• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Баскетболдан ұлттық құрама сырт алаңда Қатардан басым түсті

    Баскетболдан еліміздің ерлер құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Қатар командасын 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25) есебімен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама сапында Антон Быков ең нәтижелі ойыншы болды. Ол торға  19 доп түсірді. Осыдан бірнеше күн бұрын Астанада Евгений Овсянников жаттықтыратын ұлттық құрама Үндістан командасын жеңген болатын. Енді Қатарды жеңгеннен кейін ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары Сурдлимпиадаға қатысады

    2-12 наурызда Түркияның Эрзурум қаласында XX қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін қысқы ойындарға әлемнің 36 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысады.  Бұл жарыста спорттың 7 түрінен  38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрама командасы спорттың 3 түрінен күш сынасады. Сурдимпиадаға 30 спортшы барады. Ұлттық құрама спортшыларын байрақты додаға салтанатты түрде шығарып салу ...

    Read More »

    Ұлттар лигасы: Грекия – Қазақстан матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

    21 наурызда Афина қаласында футболдан Грекия мен Қазақстан ұлттық құрама командарының матчының билеттері онлайн сатылымға шықты. Бұл матч Ұлттар лигасының «Төрттік турнирі» деп аталып кеткен плей-офф кезеңінің аясында болады. Оған Қазақстан, Грекия, Грузия мен Люксембургтің командалары қатысып, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады. 21 наурызда Грекия мен Қазақстан жартылай финалда кездеседі. «Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург ойнайды. Осы ...

    Read More »

    Абу-Дабиде Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан екі жүлде жеңіп алды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында мәнерлеп сырғанаудан Abu Dhabi Classic Trophy-2024 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы София Фарафонова эстониялық Натали Лангербаурға есе жіберіп, 129.30 ұпаймен екінші орынға ие болды. Тағы бір отандасымыз Анна Левковецке (127.79 ұпай) қола жүлде бұйырды. Сондай-ақ Нұрия Сүлеймен  төртінші орыннан ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан 12 медаль жеңіп алды (ФОТО)

    Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Биылғы чемпионатта Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдені жеңіп алды. Соңғы жарыс күні эстафетада (4х400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары құрмет тұғырына көтерілді

    Таэквондо: Түркияның Анталья қаласында таэквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Жансель Дениз (73 кг) бен Самирхон Абабакиров (73 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді. Ал Тегерандағы (Иран) Fajr Open халықаралық турнирінде жерлестеріміз тоғыз жүлде жеңіп алды. Бейбарыс Қаблан (87 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) ...

    Read More »

    Денис Никиша Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

    Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді. Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.  

    Read More »

    Магомед Адиев Қазақстан азаматтығына қатысты ойын айтты

    Футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, ресейлік маман Магомед Адиев әлі Қазақстан азаматтығын алатын ойы жоқ екенін ашып айтты. Ол Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтар аяқталған соң, Қазақстан футбол федерациясынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс түспесе, өз Отаны – Ресейге қайтып кететінін жасырмады. Оның айтуынша, бар мәселе Қазақстан азаматтығын алуға тіреліп тұрған жоқ. Ол Қазақстанды Еуро-2024 турниріне шығарып, отандастарымызға үлкен сый ...

    Read More »

    Қиын топқа түстік – Магомед Адиев

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Францияның Париж қаласында өткен 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесінде қиын топқа түскенін мойындады. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Олар үшінші топта ойнайды. Бас жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады. ...

    Read More »

    Странджа турнирі: Қазақстанның 6 боксшысы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы -София қаласында қалыптасқан дәстүр бойыншы жылдың осы мезгілінде боксшылардың Странджа кубогы жолындағы турнирі болады. Биыл да бұл жарыс 4 ақпанда 75-рет жалауын көтерді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 12 ақпанға дейін болатын дүрмекті додаға елімізден 10 салмақ бойынша былғары қолғап иелері қатысып жатыр. Жалпы, халықаралық турнирге әлемнің 28 елінен 178 спортшысы қатысуда. Турнирге ұлттық құраманы бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов ...

    Read More »