• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: ұлттық спорт

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты аяқталды

    23 маусымда басталған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 маусымда аяқталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. 18 жасқа дейінгі жасөспірім спортшыларымыз бір апта бойы Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында  елішілік чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды. Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден VIII рет, ал, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған жасөспірімдер чемпионатындағы спорттық бәсекелер туралы бұған дейін жеке ақпараттар жариялаған болатынбыз. Бүгін назарларыңызға чемпионаттың толық ...

    Read More »

    Аударыспақтың жасөспірім балуандары анықталды

    Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 23 маусымда басталғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше күн көкпардың топтық кездесулері өтті. Ал, кеше жасөспірімдер чемпионатындағы аударыспақ балуандары сынға түсіп, бес салмақ бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы.  2001-2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионатта балуандар 40, 50, 60, 70 және 70 килодан ...

    Read More »

    Аударыспақтан Қазақстан чемпиондары анықталды

    Бүгін  Қазақстанның ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ  рет өткен чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Өткен жылғымен салыстыра өтер болсақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы балуан Біржан Қосалиев пен 70 кило салмақтағы балуан ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды. Сонымен, Тараз қаласында өткен биылғы аударыспақ бәсекесінде кімдердің жұлдызы жанды? Суретте: Аса ауыр салмақтағы даңқты балуан Біржан Қосалиев ...

    Read More »

    Ат — қазақтың ауасы мен даласы

    Ат дүбірі естілгенде бойында қаны туламайтын қазақ жоқ. Қазақтың той мен тамшасы  қашаннан арғымақтың жарысынсыз, ат спорты ойындарынсыз өтпегенін білеміз. Қымызмұрындық, ас, баласын сүндетке отырғызу секілді ел ішіндегі көптеген мерекелер аламан ат жарыстарынсыз  өтпейтін болған. Күнделікті тіршілігі жылқымен тікелей байланысты болғаннан соң, бабаларымыз барлығын жылқыға қатыстырып айтып отырған. Мысалы, жылқы мінезі, жылқының жершілдігі, жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер жылқы түстеу, ...

    Read More »

    Арман балуан — аударыспақтан Азия чемпионы

    Биылғы Қазақстан чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. 19 мамырда Тараз қаласында ту көтеретін елішілік чемпионатқа әр өңір өз үздіктерін үкілеп қосуға даяр. Бір қуанарлығы, соңғы жылдары ұлттық спорт үздіктерінің қатары қалыңдай  түсуде. Солардың бірі – аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының абсолютті салмақтағы чемпионы атанған ақтөбелік Арман САҒЫНБАЕВ. Бүгін жанкүйерге осы Арман балуанды жақынырақ таныстыруды жөн көрдік. Аударыспақ спортында Ақтөбе облысының ...

    Read More »

    Ералхан мерген ел намысын қорғайды

    Елордада жамбы атудан І әлем чемпионаты өтеді. Елімізде тұңғыш ұйымдастырылған дүниежүзілік бәсекеде ел намысын қорғайтын бас мергеннің бірі – Ералхан Айкөз. Бүгін жанкүйерге 2015 жылдан жамбы ату жарыстарында үздік шыққан жас мергеніміздің жетістіктерін қысқаша таныстырып өтуді  жөн көрдік. Жамбы атудан І әлем чемпионаты елорда төріндегі «Хан-Шатыр» кешені маңында 30 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Ұлттық ...

    Read More »

    Елдос мерген Еуропаға аттанды

    Кеше жамбы атудан Қазақстан құрама командасының белді мүшесі, еліміздегі үздік сұрмергеннің бірі Елдос Бадашев  Еуропаға аттанды. Ол ат үстінен садақ атудан Мажарстанның Помаз қаласында өтетін әлем кубогына қатысады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Бүгін Венгрияның Помаз қаласында ұйымдастырылған әлемдік жарыстың алғашқы бәсекесі басталды. Дүниежүзінің таңдаулы мергендері ғана бақ сынайтын бұл әлем кубогы үш кезеңмен өтетін ірі жарыс. Алғашқы кезеңі Мажарстанның ...

    Read More »

    Көкпар: түйіткілдер мен шешімдер

    Түркілік көкпар ойыны жаңа кезеңге аяқ басты. Ол кезеңнің басты сипаты көкпардың ойыннан спортқа айналу үдерісінің нағыз шешуші кезеңге кірісуінде. Ұлттық ойынның бұған дейінгі кезеңдері спортқа айналудың алғышартын жасады дегеніміз абзал, бірақ толық спортқа айналған жоқ. Спорт пен ұлттық ойынның арасы жер мен көктей: спорт адамзаттық құндылық болса, ұлттық ойын – этноқұндылықтың бір көрінісі, оны қызықтайтын да, дамытатын да, ойнайтын ...

    Read More »

    Алматыда атан жілік, апайтөс алыптар анықталды

    Бүгінгі таңда төл  күресімізді дамытуда студент жастардың қосып жатқан үлесі зор. Кеше Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шаңырағында Алматы қаласы ЖОО студенттерінің арасында қазақ күресінен жекпе-жектер болып өтті. Бұл жарыс студенттер арасында шаhардағы ең мықты түйе палуанды анықтауға арналған еді. Бұл белдесулер  бір жағынан жастардың ұлттық күресімізді  дәріптеп, құрметпен қарауына бағышталса, екінші жағынан,  студенттердің салауатты өмір салтына бет бұруды ...

    Read More »

    Ерім дейтін ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?

    Дана халқымыздың осындай тамаша сөзі бар. Алайда, көп жағдайда бұл сөздің мағынасына мән бере бермейтініміз рас. Жақында қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеріп жүрген қос азамат Ислам Әбішев пен Серік Түкеевтердің басына іс түскен кезде барып, мен бұл сөздің не үшін айтылғанына көзім жетіп отыр. Елім деп жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды Ерім дейтін кез келгендіктен қолыма қалам алдым. Серік Адамұлының ...

    Read More »