• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азиада

    Азиада қорытындысы: министр спорт федерацияларына ескерту жасады

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдауды жалғастырды. Бұл жолы ескек есу, жеңіл атлетика және садақ ату федерацияларының басшылығы баяндама жасады. Спорт функционерлері құраманың Азия ойындарындағы жарыстарға тоқталып, қалыптасқан жағдай туралы баяндады. Ханчжоудағы Азия ойындарында академиялық ескек есу бойынша Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан көріне алмаса да, байдарка мен каноэде ескек есу бойынша ...

    Read More »

    IBA президенті Умар Кремлев Азиададағы төрешілердің жұмысын сынады

    Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында басталған Азия чемпионаты кезінде Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарындағы төрешілердің жұмысын сынға алды. Ол Atameken Business  арнасына берген сұхбатында Азиададағы төрешіліктің өте төмен деңгейде болғанын айтты. Шынын айтқанда төрешілердің жұмысына менің де көңілім толмады. Мен сол үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахқа наразылығымды білдіріп, ...

    Read More »

     XIX Азиаданың қорытындысы: грек-рим күресінен құрама бас жаттықтырушы ескерту алды

    Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының қорытындысы бойынша спорт түрлері федерацияларының есебін тыңдауға кірісті. Онда бірінші болып грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының, одан кейін су спорты федерациясының есебі тыңдалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Спорт түрлері бойынша федерацияларының есебін тыңдау одан әрі жалғасады. Ал бүгінгі жиында алдымен грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында федерацияның өкілдері балуандардың ...

    Read More »

    Жаратқан, Жақсылықсыз да күрес жарыстары өте береді екен-ау…

    …ЖАҚСЫЛЫҚТЫ сағындым!  Бірде-бір ірі жарыстарда ЖАҚСЫЛЫҚСЫЗ жүрмеуші едім.  Соңғы Токио Олимпиадасына бара алмадым.  Ешкім жүр деген жоқ.  Бірақ онда барғанда да ЖАҚСЫЛЫҚ болмас еді… Ол қазақтың БІРТУАР ҰЛЫ, спортымыздың СИМВОЛЫ, менің ЖАН ДОСЫМның келмеске кеткеніне де екі жылдан асты… …Ханчжоудағы Азия ойындарында күрес басталды. Кеше грек-рим шеберлерінің бәсекесіне бардық. Бір жігітіміз финалда, үш жігітіміз қола жүлде жолында кілемге шықпақ еді. ...

    Read More »

    Ел дзюдосының ертеңдері!

    Азия ойындарында үш қола жүлде ғана иеленіп, елге оралған Қазақстан дзюдошылар командасын мен осылай атадым …Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары ә дегенше бел ортадан асып барады.  Ханчжоуға келгенше жан-жақтан сәуегейсінген спорт түрлеріміздің көбісі биігінен төмен болып, еңсені тіктетпей тұр.  Солардың ішіндегі үміт артқан спорт түрлерінің бірі ерлер дзюдосы еді.  Әрине, бұл спорт түрінен Шығыс Азияның үш командасының — Қытай, Корея, ...

    Read More »

    Таңдай білу де өнер!

    Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары аяқталуға таяған сайын басшы да, қосшы да бары мен жоғын түгендеп, табысы мен кемшілігін сараптап жатуы заңды. Әуелде Ойындарға аттанғанда осымыз дұрыс деп қабылдаған шешімдерінің Ойындар барысында қабырғасы сөгіліп, тұмсығымен жер сүзген шешімдеріне кінәлі іздеп,жер тепкілеп жатқандары да жоқ емес.   Бұл — үлкен шаруаның бәріне тән қорытынды. Біз де Ойындар толық аяқталмаса да болған оқиғалардан сүзіп ...

    Read More »

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »

    Үйрет те ізгілікке үйрен (ФОТО)

    (Ұстазым менің ұстазым) Бүгін еліміздің әр аймағында мұғалімдер күні аталып өтіп жатыр. «Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», деген екен  хакім Абай. Бар ғұмырын бала тәрбелеп ұстаздық еткен жандардың еңбегі адал, ісі беркелі-деп айтамыз. Күн қатып отбасын жайына қойып, оқушыларының жайын-қамын ойлап, білім беріп жүрген мұғалімдерге мың алғыс. «Ұстазсыз шәкірт тұл», деген ...

    Read More »

    Біреуге қараған күнің құрысын…

    Азия ойындарындағы медалі ең көп спорт түрі — жеңіл атлетика.  Жалпы медальдар жиынтығы ең көп жарыс — жеңіл атлетика жарысы.  Біздің ел кешенді үлкен жарыстарда бұл мәселені үнемі есте ұстап жүретін.  Кешегі Токио Олимпиадасы мен бұл Ханчжоудағы XIX Азия ойындарында осы дәстүрден жаңылғандаймыз ба, қалай…  Біріншіден, Ханчжоуға небәрі 20-дай ғана жеңіл атлет әкелдік.  Есесіне, Е-спорт дей ме, аты-жөні белгісіз бір спорт түрінен 30-ға ...

    Read More »

    Дені саудың … медалі көп!!!

    Бұл төмендегі әңгімеге ұйып отырып, өзім шығарған мәтел ғана …Қытайдың Ханжоу қаласында өтетін XIX Азия ойындарына қос ат жегіп, яғни, қос самолет тізгіндеп аттанған Қазақстан ұлттық құрама командасының екінші ұшағына аяқ артқан кезде бір қатар алдымда отырған жүзі жылы жігіт: «Аға, менің орныма отырыңыз, Сізге ыңғайлы болады. Мында аяқ созып отыруға болады екен…» дегені. Өзім де ол қатардың алдында қатар ...

    Read More »