• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Волейболдан АЧ: Қазақстан құрамасы бесінші орын алды

    Волейболдан әйелдер арасында Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінші орын алды. Қазақстан құрамасы чемпионаттағы соңғы ойынында Оңтүстік Корея командасын жеңгенімен, турнир кестесінде бесінші орынды қанағат тұтты. Құрамалар бесінші орын үшін ойнаған еді. Бұл жолы ұлттық құрама бірінші сетте 26:24 есебімен жеңсе, екіншісінде 25:23 есебімен басым түсті. Шешуші үшінші сетте қарсыласын 25:23 есебімен ұтты. Осылайша жалпы есепте ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 7 қыркүйекте Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия құрама командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 26 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін ...

    Read More »

    Қазақстан-Финляндия мачтының үзілісінде концерт болады

    7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың 15 минуттық үзіліс кезінде танымал әнші Ерболат Құдайбергеннің шағын концерті болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Танымал әнші Ерболат Құдайберген Қазақстан – Финляндия матчының арнайы қонағы болады Матчтың үзілісі кезінде бәрімізге танымал «Мен қазақпын» және «Біздің жігіттер» хиттері шырқалады. «Біздің жігіттерді» ...

    Read More »

    Қазақстан мен Финляндия матчының төрешілері белгілі болды

    7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың төрешілері анықталды. Бұл матчтың бас төрешісі болып Румынияның төрешісі Раду Петреску бекітілді. Ойында Радуға оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Төртінші төреші – Марцел Бирсан. Қазір турнир кестесінде төрт матчтан кейін Н тобында Финляндия мен Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар ...

    Read More »

    Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын құрама анықталды

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл дүрмекті додаға әйелдер күресінен де Қазақстан құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасының тізімі төменде жарияланып отыр. 50 кг — Лаура Ғаниқызы; 53 кг- Алтын Шағаева; 55 кг — Зейнеп Баянова; 57 кг — Шұғыла Өмірбек; 59 кг — Мәдина Аман; 62 кг — Тыныс ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстанның еркін күрес шеберлері төрт жүлде алды

    Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД ІІ  ойындарының алтыншы күні еркін күрестен ел қоржынына 4 төрт жүлде түсті. Солигорск қаласында өткен еркін күрестен 57 келіде сынға түскен Ерасыл Мұхтарұлы финалда ресейлік балуан Начын Монгуштан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 79 келідегі Арсен Өміржан да финалда ресейлік Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медальге  ие болса, 86 кг салмақтағы Мақсат Сатыбалды финалда әзербайжан балуаны Арсений ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: әйелдер күресінен құрама анықталды

    13 тамызда Беларусьтің Солигорск қаласында ТМД II ойындары аясында әйелдер күресінен өтетін сында ел намысын қорғайтын балуандарымыздың есімдері белгілі болды. Бұл сында әйелдер күресінен ұлтттық құрама 10 салмақ дәрежесінде күреседі. 50 келі салмақта Камила Апекова, Мәдина Жеңісқызы (53 кг  ), Айнұр Әшімова (55 кг ), Асылзат Сағымбай (57 кг ), Гүлдана Бекеш (59 кг ),  Жангүл Болд (62 кг ), ...

    Read More »

    Ресейдің тағы бір спортшысы Қазақстан азаматтығын алды

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ресейдің бұрынғы мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын растады. ІІМ басшысы Үкімет кулуарында БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында спортшының еліміздің азаматтығын жалпы тәртіппен алғанын айтты. Жақында спортшы Самоделкина Қазақстан азаматтығын жалпы тәртіппен алды. Өйткені, оның анасы – Қазақстан азаматы, — деді Марат Ахметжанов. Мәдениет және спорт министрі ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынана алты қола жүлде түсті

    Беларусь астанасы — Минск қаласында өтіп жатқан ТМД-нің II ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына алты қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ , дзюдо күресінен Алдияр Саин (90 кг) мен Әлихан Назымханов (+90 кг), жеңіл атлетикадан Ангелина Шрубянец (60 метр), Дмитрий Спаский (2000 метр), Алиса Исаева (ұзындыққа секіру) және көркем гимнастикадан қыздар құрамасы ТМД ойындарының қола жүлдегері атанды. Үшінші күннің қорытындысы ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан балуандары медалист атанды

    Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының (U17) соңғы күні еркін күрес балуандары сынға түсіп, Қазақстан құрамасы екі қола жүлде алды. 71 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков пен 92 кг салмақтағы Самир Дурсунов қола медаль үшін болған таласта үнді балуандарынан басым түсіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим ...

    Read More »