• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Күрес: Қазақстан турнирді 2 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлдемен аяқтады

    Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан  күрес түрлерінен осы жылдың соңғы төртінші рейтингтік турнирінде әйелдер күресінен 72 кг салмақта күрескен Жамила Бақбергенова жеңімпаз атанды. Оның салмағында балуандар аз болғандықтан күрес айналмалы жүйе бойынша болды. Алдымен Бақбергенова Италия балуанын жеңсе, екінші белдесуінде Канада қызынан 9:4 есебімен басым түсті. Үшінші белдесуінде моңғол қызы Энхамарды 4:2есебімен ұтып, финалға шықты Финалда алғашқы белдесуінде жеңген Италия ...

    Read More »

    Алтай өлкесінің астанасы Барнауылда қазақ әні шырқалды

    Жуырда Алтай өлкесінің Барнауыл қаласында Қарағанды облысы «Тәттімбет» атындағы академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің «Ұлы Дала сазы» атты концерті өтті.  Тәттімбет атындағы академиялық оркестр әлемнің 40-тан астам елінде гастрольдік сапарда болып, әлемге танылса да Барнаулда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар» қорының ұйытқы болуымен бірінші рет өнер көрсетті. Концерттің өтуіне септігі тиген тағы бір ұйым – Алтай өлкесіндегі Қазақ ұлттық автономиясы. Автономия ...

    Read More »

    Зайнутдинов «Бешикташпен» келіссөз жүргізіп жатыр

    Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнудтинов Түркияның «Бешикташ» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.  Біздегі бар мәліметке қарағанда, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубымен келісімге әлі келмеген. Футболшының өзі де бұл туралы ештеңе айтпады. Transfermarkt-тің дерегіне қарағанда, Ыстанбұлдың клубы Зайнутдиновты 6 млн еуроға бағалап отыр. Ал ЦСКА түркиялық жасаққа Қазақстан ұлттық құрамасының ...

    Read More »

    Қытайдан жаяу шыққан қандас Астанаға жетті (ВИДЕО)

    Бүгін 1 мамырда Қытай Халық Республикасынан жаяу шыққан 26 жастағы қандасымыз Есбол Асқарұлы Астанаға жетті. Ол өзінің туған жері Шыңжаңның Манас ауданынан елордаға 60 күнде 3 мың шақырымды жаяу жүріп келді. Марафоншыны Бауыржан Момышұлы мен Қордай көшелерінің қиылысында орналасқан Достық үйінде қала тұрындары мен қонақтары қарсы алды. Кездесуде Алматы ауданы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің Есбол Асқарұлына алғыс хат табыс етілді. ...

    Read More »

    Гандболдан АЧ: Қазақстан алғашқы жеңісіне жетті

    Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Сяньган қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті. Бірінші ойында жасөспірімдер құрамасы Жапонияның гандболшыларымен кездесіп, олардан 29:43 есебімен жеңілген еді. Екінші матчта отандастарымыз Кувейт 33:4 есебімен ұтты. Матчта Аида Жапарова үздік ойыншысы деп танылды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Зарина Дияс тенниске қайта оралатынын мәлімдеді

    Теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 29 жастағы Дияс соңғы рет бір жарым жыл бұрын екі матч қана өткізді. Ол Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакинаға есе жіберді. Ал былтыр «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды. Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын. Достар, ...

    Read More »

    «Елорда кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Бокстан Қазақстан құрамасы 27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада өтетін Elorda Cup турниріне қатысатын боксшылардың тізімін жариялады. Бұл турнирге Қазақстан боксшыларынан басқа Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Қытай, Түркіменстан, Таиланд, Моңғолия, Бахрейн мен Сербия елдерінің командалары қатысады. Ұлттық құрама тізімі: 48 кг Теміртас Жүсіпов Ернар Қарап Ернұр Қайрат Дарын Кұлжабаев Әлі Тоқтаров 51 кг Сәкен Бибосынов Дамир Әбдіқадыр Даниял Сәбит Кенже ...

    Read More »

    Бублик алғаш рет АТР 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін Бублик жеті рет ATP жарыстарының финалына шығып, соның біреуінде ғана, былтыр Монпельеде жеңімпаз атанған еді. Ал биыл ол алғаш рет  ATP 500 деңгейінде финалға шығып, жеңімпаз атанды. Финалда Бублик матчты брейкпен ...

    Read More »

    Қазақстан футболшылары Түркияда легионер саналмайды – БАҚ

    Қазақстан футболшылары Түркия Суперлигасында легионер болып саналмайды. Habertürk агенттігінің хабарлауынша, Түркия футбол федерациясы 2023/2024 жылдардағы маусымнан бастап чемпионаттағы лимит ережелерін өзгеретінін хабарлады. Жаңа қаулыға сәйкес, түркі тілдес елдердің футболшылар легионер ретінде есептелмейді. Яғни, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Әзербайжан елдерінің футболшылары Анадолы елінде легионер болып саналмайды. Осылайша Суперлиганың кез келген клубына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінің өкілдеріне есік ашық ...

    Read More »

    Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды

    Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, турнирге баратын ұлттық құрама анықталды. Оған 45 елден 350 дзюдошы қатысады. Ал елімізден жарыста 17 балуан күш сынасады. Ерлер: Нұрқанат Серікбаев (-60кг) Шерзод Давлатов (-60кг) Ғұмар Қырғызбаев (-66кг) Ғұсман Қырғызбаев (-66кг) Данияр Шамшаев (-73кг) Жансай Смағұлов (-73кг) Руслан Мұсаев (-81кг) Абылайхан Жұбаназар (-81кг) Ермахан Әнуарбеков (-90кг) Аян Байғазы (-90кг) Нұрлыхан Шархан (-100кг) Бекзат Шағатаев (-100кг) Әділ ...

    Read More »