• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореяда алты медаль жеңіп алды

    Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4 турнирінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші жекпе-жекте Өзбекстанның B құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты. Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева мен Аида Тәукенова ел намысын қорғады. Сонымен бірге Қазақстан ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан – көшбасшы!

    Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Оған 25 елден келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта еліміздің намысын 29 спортшы қорғады. Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің лайықты деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз! Бұл ...

    Read More »

    Ушудан Азия кубогы: Қазақстан қоржынына сегіз жүлде түсті

    Бүгін Қытайдың Жилинг қаласында ушу саньдадан ересектер арасындағы Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырған жарысқа құрлық пен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы биыл 9 ушу шеберін апарып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, — делінген хабарламада. 1-орын: Бексұлтан Қоскенов (65 ...

    Read More »

    Таеквондодан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы қола жүлде алды

    Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жүлде үшін жекпе-жекте отандастарымыз Марокко спортшыларынан 2:1 есебімен басым түсті. Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті. Іріктеуде Қазақстан Үндістанды жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен ...

    Read More »

    Дзюдодан жастар арасында Азия кубогының иегерлері анықталды

    Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Федерацияның хабарлауынша, төрт күнге созылған жарысқа ел спортшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Үндістан, Ливан, АҚШ және IJF құрамаларынан 800-ден астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Жасөспірімдер құрамасы 5 алтын, 4 күміс, 12 қола, ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды

    Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Барлығы 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді. Енді финалдық кезең 15-22 қараша аралығында Үндістанда болады. Ерлер құрамасы – 5 алтын,  1 күміс, 2 қола медаль. Әйелдер құрамасы – ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақ боксшылары уақытынан бұрын жарытлай финалға шықты

    Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектер болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күндізгі сессияда күтпеген жерден 60 кг салмақта Серік Теміржанов жапониялық спортшыға есе жіберді. Әзірше бұл салмақта отандастарымызға ірі жарыстардың жүлдесі бұйырмай келеді. 80 кг салмақта Нұрбек Оралбай мен 57 кг салмақта Айдана Забынбекова рингке шықпай-ақ, жартылай ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақ боксшылары келесі айналымға шықты

    Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында отандастарымыз үшін Әлем кубогының бірінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күндізгі сессияда үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 кг) мен Әнел Сақыш (54 кг) сәтті дебют жасаса, өкінішке қарай, 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов қабағының жарылуына байланысты турнирді аяқтауға мәжбүр болды. Кешкі сессияда әлем ...

    Read More »

    Еркін күрес: Түркияда Әлішер Ерғали мен Начын Куллар күміс жүлдегер атанды

    Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Финалда Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды. Онда Начын Куулар (-70 кг) мен Әлішер Ерғали (125 кг) күміс медалист болды. Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) жеңілді. ...

    Read More »

    Байдарка мен каноэде есу: Қазақстан «Мықтылар кубогында» қола медаль алды

    Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды.  Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »