Сауд Арабиясының астанасы – Ар-Рияд қаласында Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан спорттың он түрінен 53 спортшыдан құралған делегация құрамымен қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жарыс 11 күн болып, оған әлемнің 120 елінен 1 500-ден астам спортшы бақ сынасты. Ойындар бағдарламасы барлығы 16 спорт түрі бойынша өтті. Қазақстан дзюдо, таеквондо, күрес (белбеу күресі, қазақ күресі, грек-рим күресі), олимпиадалық санаттардағы семсерлесу және бокс, сондай-ақ айкидо, армрестлинг, джиу-джитсу, каратэ, кендо, самбо, кикбоксинг, тай боксы, сават (Француз боксы), сумо және ушудан күш сынасты.
Қазақстан тек олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша қатысты.
ФОТО: Туризм және спорт министрлігі