• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ширек финалда Сергей Квак жасақтаған команда әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

    Матчта әуелі ел құрамасына Дамир Жалғасбай Кэмерон Бертонды 6:3, 6:0 есебімен жеңіп, ұпайды сыйлады. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Ллейтон Хьюиттың ұлы – Круз Хьюитен 6:1, 6:0 есебімен басым түсті.

    Былтыр да ширек финалда Қазақстан құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер командасы алдағы күзде 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңінде екінші жыл қатарынан бақ сынайды.

    Ертең жасөспірім теннисшілер жартылай финалда Корея немесе Гонконг құрамасымен кездеседі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *