• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    optimism.kz

    Бокстан ӘЧ: 17 отандасымыз жартылай финалға шықты

    Монтенегроның Будва қаласын 17-18 жастағы боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Қазақстан құрамасы осы жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалистер саны бойынша өз рекордын жаңартты.

    Дүниежүзілік доданың жартылай финалына шыққан боксшылар:

    Диас Берікбай — 48 кг.

    Бексұлтан Боранбек — 51 кг.

    Жансерік Көшербаев – 57 кг.

    Төрехан Сабырхан – 67 кг.

    Өнер Сейілхан – 71 кг.

    Санжарәлі Бегалиев – 75 кг.

    Расул Асанханов – 92 кг.

    Аслан Елдібайұлы – + 92 к.

    Әнел Абдрасилова – 48 кг.

    Елянур Турганова – 50 кг.

    Бағжан Отынбай — 54 кг.

    Толғанай Қасымхан – 60 кг.

    Аружан Жаңабаева – 63 кг.

    Ұлдана Таубай – 66 кг.

    Шұғыла Нәлібай — 75 кг.

    Аружан Зейноллаева – 81 кг.

    Панар Сейітханқызы — + 81 кг.

    Жартылай финалдық жекпе-жектер 31 қазанда, ал финал 2-3 қараша күндері болады. Ұйымдастыру тобымен 500 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры тағайындалған.

    25 салмақ дәрежесінде әлем чемпиона атанған боксшыға 8 000, АҚШ доллары, күміс жүлдегерлерге 4 000 доллар, қола жүлдегерлерге 2 000 доллар, ширек финалистерге 1 000 доллар.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *