Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ол 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы 388 (174+214) келі көтерді.
Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен жеңіп алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп, үздік үштіктен көрінді.
Бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алған еді.