• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерерациясы

    «Ролан Гаррос»: Данилина турнирдің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты.

    Ол ширек финалда сербиялық Александра Круничпен бірге «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен жартылай финалдың жолдамасы үшін күш сынасты.

    Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5 есебімен жеңді.

    Екінші сетте Синякова мен Таунсенд 6:4 есебімен есе қайтарды.

    Үшінші партияда Данилина мен Крунич 4:0 есебімен алға шығып, Данилина матчқа доп бергенде, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Осы уақытта Данилина мен Крунич дуэті 13 брейк-пойнттың жетеуін мүлт жібермеді. Синякова мен Таунсенд 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

    Енді Анна Данилина мен Александра Крунич дуэті финалға шығу үшін норвегиялық Эйкери Норвегия мен жапониялық Эри Ходзумимен ойнайды. Бұл жұп ширек финалда румыниялық Ирина Бегу мен бельгиялық Янина Викмайерді 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *