• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олипиадалық комитет

    Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының иегері атанды

    Ақмола облысының Бурабай қаласында триатлоншы Дарын Қонысбаев Азия кубогының тегері атанды.

    Оған Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Жапониядан басқа, Беларусь, Чехия, Германия, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты.

    Турнир World Triathlon ұйымының құрлықтық күнтізбесі аясында болды. Ол Әлем және Азия чемпионаттары алдындағы маңызды дайындық есебінде ұйымдастырылды.

    Жарыста Дарын Қонысбаев 1:46:28 нәтижесімен бірінші орынды жеңіп алды. Одан кейінгі орындарды ресейлік Роман Минеев пен германиялық Тилль Крамп иеленді. Ал қыздар арасындағы жасөспірімдер жарысында ел құрамасынан Диана Ержанова алтын медальға ие болды. Оның көрсеткіші — 1:08:20. Өзбекстандық Диана Биктимирова мен отандасымыз Әнел Исабаева үздік үштіктен көрінді.

    Ерлер арасындағы жасөспірім жарысында Елмұрат Қанай, Илья Крупяков, Рамазан Айнеговке де жүлделі орындар бұйырды.

    Бұған дейін таэквондошылар халықаралық турнирлерде 8 медаль алған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *