Алматының «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев отандық командалар арасынан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде гол салған ең жас футболшы атанды.
Ол Словенияның «Олимпия» жасағымен матчтың 59-минутында әріптесі Жоржиньоның берген пасын тиімті пайдаланып, қақпаны дәл көздеді. Алайда алаң иелерінің Диогу Пинто деген футболисі 66-минутта есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бұл ойын осылай, 1:1 есебімен аяқталды.
Сәтпаев бұған дейін «Ақтөбенің» құрамында Еуродода ойнаған Юрий Логвиненконың нәтижесін жаңартты (17 жас, 11 ай, 27 күн). Ал Сәтпаевтың жасы Словенияның «Олимпия» қақпасына гол салған кезде 16 жас 10 ай 26 күн болған. Бұл көрсеткіш оған турнир тарихындағы ең жас үш гол авторының қатарына енуге мүмкіндік берді.
Абсолютті рекорд швед Никлас Беркротқа тиесілі. Ол 2008 жылы «Гётеборг» сапында 16 жас 6 айында «Муратаға» қарсы матчта нысананы дәл көздеген. Екінші орында поляк Влодзимеж Любаньски тұр.
Алайда УЕФА ресми есебінде тек топтық турнир мен одан кейінгі турнирде соғылған голдар есепке алынады. Бұл тізімде көшбасшы – испаниялық Ансу Фати. Ол «Интерге» қарсы ойында 17 жас 40 күнінде голдың авторы атанған. Сәтпаев іріктеу турнирін қосқанда, үшінші орында тұр.
Енді екінші ойын 15 шілдеде Алматы қаласында болады. Егер «Қайрат» келесі айналымға шықса, «КуПС» (Финляндия) немесе «Милсами» (Молдова) командаларының бірімен ойнайды.
Биыл «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Ордабасы» және «Астана» Конференция лигасында ел намысын қорғайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА