30 шілде — 12 тамыз аралығында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты болады.
Жаттықтырушылар штабы елімізден жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.
Ерлер
50 кг: Нұрзат Оңғаров
55 кг: Бексұлтан Боранбек
60 кг: Нұрислам Қалдыбаев
65 кг: Илья Калинин
70 кг: Нұрбек Мұрсал
75 кг: Аман Қонысбеков
80 кг: Санжарәлі Бегалиев
85 кг: Азатбек Жолдасхан
90 кг: Темірлан Мұқатаев
90 килодан аса салмақта Нұрасыл Асылхан
Бас жаттықтырушы: Бақыт Сәрсекбаев
Әйелдер
48 кг: Гүлназ Бөрібаева
51 кг: Томирис Мырзақұл
54 кг: Сымбат Әлиасқар
57 кг: Виктория Байдукова
60 кг: Әсем Таңатар
65 кг: Аружан Жаңабаева
70 кг: Бақыт Сейдіш
75 кг: Шұғыла Нәлібай
80 килодан аса салмақта Әсел Тоқтасын
Бас жаттықтырушы: Елдос Сайдалин
Азия чемпионатына 26 елден 400-ге жуық боксшы қатысады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА