Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.
Ол 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
43 килоға дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль алды.
Бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атағын алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА