• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    US Open: Анна Данилина 1/8 финалға шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

    Ол «Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткасы болып тіркеліп, Сербия спортшысы Александра Крунич екеуі екінші айналымда Румыния теннисшісі Моника Никулеску мен Латвияның өкілі Анастасия Севастовамен ойнады.

    Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:2 есебімен жеңді.

    Екінші сетте де 5:1 есебімен басым түсті. Содан кейін Румыни мен Латвияның спортшылары брейк жасады. Дегенмен Данилина мен Крунич матчта  брейк жасап, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    Бұл матч 1 сағат 9 минутқа созылды. Данилина мен Крунич 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын тиімді пайдаланды. Ал Никулеску мен Севастова 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

    Анна Данилина мен Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады.

    Ол төртінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен ойнады.

    Е.Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда үздік шықса, М.Вондроушова бір жылдан кейін чемпион атанған еді.

    Қарсыластар осыған дейін екі рет ойнап, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина Вондроушовадан айласын асыра алмады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *