Әзербайжанның Шеки қаласында батуттағы гимнастикадан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
3 қазанда кешке Қазақстан құрамасының спортшылары 2 медальға ие болды.
Қазақстан құрамасы (Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина) – қола медаль
Никита Тумаков (жекелей сын) – қола жүлде
Ерлер арасындағы синхронды секіруде Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков жұбы финалда бақ сынап, бесінші орынды иеленді.
Сондай-ақ еркін күрестен Игорь Резников (-92 кг) бозкілемге шығып, үш рет күресті. Алайда ол жүлдеге таластан тыс қалды.