• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ASC

    Стенд атудан АЧ: Қазақстан тағы бір алтын жүлде алды

    Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдені иеленді.

    Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина мен Наргиза Сарманова алтын медальді жеңіп алды. Олар «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік атанды. Сонымен бірге «трап» дисциплинасында отандастарымыз жекелей сында да жақсы өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдеге ие болды.

    Бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *