• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Жасөспірімдер Олимпиадасында жүлденің ауылы алыс емес

    Сенегалдың астанасы Дакар қаласында жалауы желбіреген IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Ева Тациева үздік 18 гимнасшының қатарына кіріп, финалға жолдама алды.

    Ол жекелей көпсайыста 47,866 ұпай жинап, жалпы есепте 21-орынға шықты.

    Тағы бір гимнасшы Андрей Терман көпсайыста өнер көрсетті. Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады.

    Тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында өткен топтық жарыс та мәресіне жетті. Бұл сайыста Қазақстан намысын Глеб Новиков қорғады.

    Ол 76,5 шақырым қашықтықты 1 сағат 48 минут 3 секундта жүріп өтіп, 22-ші болып мәре сызығын кесті. Новиков чемпионнан 59 секундқа қалып қойды.

    Жарыста бельгиялық Даан Вилмсен топ жарып, алтын медаль иеленді. Оның нәтижесі – 1:47:04. Ресейлік Степан Бортник күміс жүлдеге  ие болса, аустралиялық Калеб Маккензи қола медаль жеңіп алды.

    Үш спортшы да жарысты бірдей уақытта аяқтады. Жүлдегерлер мәреге кімнің бірінші жеткеніне қарай анықталды.

    Велошабандоз Әнел Тәшбай тасжолдағы велоспорттан топтық жарысқа қатысты.

    Ол 1 сағат 31 минут 19 секунд нәтижемен мәре сызығын жетінші болып кесті.

    Алғашқы 20 спортшы мәре сызығын бірдей уақытта кесті. Сондықтан қорытынды орындар спортшылардың мәреге келу ретіне қарай анықталды.

    Боксшы Марал Төлепберген алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

    Ол әйелдер боксында 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

    Марал Төлепберген алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен қолғап түйістіріп, оны 3:1 есебімен жеңді.

    Осылайша ол жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.

    Ресей спортшысы Ангелина Новолодская Олимпиада чемпионы атанды. Аустралиялық Элси Аппс екінші орын алса, чехиялық Линда Ситкова қола жүлдеге ие болды.

    Қазіргі таңда жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль иеленсе, Рамазан Әйнегов триатлоннан қола жүлдеге ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *