• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың тоғызы – ер, үшеуі – әйел. 48 кг салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапониялық Като Хикару жарақатына байланысты финалға шықпайды. Сол себепті, Балқыбековаға Азия чемпионы атағы берілді. Осылайша ол екі дүркін құрлық чемпионы атанды.

    Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 қарашаға жоспарланған.

    ӘЙЕЛДЕР:

    54 кг: Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд),

    57 кг: Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония),

    81 кг: Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан).

    ЕРЛЕР:

    48 кг: Санжар Ташкенбай — Аратаке Кадзума (Жапония),

    51 кг: Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан),

    54 кг: Махмұд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин),

    57 кг: Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан),

    67 кг: Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд),

    71 кг: Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания),

    75 кг: Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан),

    92 кг: Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан),

    +92 кг: Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *