Өзбекстанның астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Семсерлесуден еліміздің әйелдер құрамасы командалық сайыста финалға жетіп, жарыс қожайыны Өзбекстанға есе жіберді. Есеп – 39:45. Ұлттық құрама сапында Александра Тамбовцева, Виктория Кайдарова, Ксения Тимашевская, Наталья Зинякова өнер көрсетті. Жекелей сында бақ сынаған спортшыларымыздың ешқайсысы жүлде ала алмады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА