• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Аргентиналық жанкүйер туға тұншығып көз жұмды

    Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымының мәліметіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан.

    Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста еді. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қалған.

    Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

    Кеше Аргентина құрамасы еліне оралды. Оларды жанкүйерлер салтанатты отшашумен қарсы алды. Футболшылар мінген автобус Буэнос-Айрес көшелерімен жүріп өтті.

    Аргентина футболшыларының алтын жүлдесін бүкіл ел тойлап жатыр.

     

    Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *