Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-та өтіп жатқан Қысқы универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды.
Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты – 27:51,5. Осылайша биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.
Аталған жарыста екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үшінші орынға тағы бір отандасымыз Александр Мухин ие болды. Нәтижесінде Универсиадада ел құрамасы 1 алтын, 1 қола медаль алды.
Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион атанған болатын.
Осылайша, медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 қола жүлдемен 3-орынға көтерілді. Алда Жапония және Финляндия құрамалары келеді.
Динара ҚАЛИЕВА,
АСТАНА